«Халық әуені» жобасы аясындағы гастрольдік тур
22.05.2026
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің бастамасымен және «Қазақстан Халық Банкі» АҚ демеушілік қолдауымен жүзеге асқан «Халық әуені» мәдени жобасы аясында Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының шығармашылық ұжымдары мен әртістері 2026 жылғы 21–23 мамыр аралығында еліміздің сегіз өңірінде гастрольдік сапармен өнер көрсетті.
Қарағанды облысында көрермендерге Saz&Soul тобының концерттік бағдарламасы ұсынылды.
Атырау облысында «Астана сазы» Қазақ мемлекеттік фольклорлық ансамблі өнер көрсетті.
Шығыс Қазақстан облысында Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрі концерттік бағдарлама ұсынды.
Ақтөбе облысында көрермендер «Халық қазынасы» ұлттық өнер орталығының солистерімен кездесті.
Маңғыстау облысында «GULDER» ансамблінің концерттік бағдарламасы өтті.
Түркістан облысында «Бірлік» ән-би ансамблі өнер көрсетті.
Қызылорда облысында Astana Musical мемлекеттік театры өз қойылымдарын сахналады.
Ал Алматы облысының тұрғындарына арнайы концерттік бағдарламаны «Қазақконцерттің» Алматы қаласындағы филиалы ұсынды.
Үш күнге созылған гастрольдік тур барысында концерттік бағдарламаларды 11 мыңға жуық көрермен тамашалады. Сонымен қатар әртістер өңірлердегі өнер мектептерінде шеберлік сабақтары мен шығармашылық кездесулер өткізді.
Поделиться в соц. сетях:
Форма заявки
Өтінішіңізді жіберіңіз