X
Алдағы концерттер
Барлық оқиғалар

Күнді таңдау

27.06.2026 21.06.2026 19.06.2026 14.06.2026 04.06.2026 01.06.2026 29.05.2026 22.05.2026 16.05.2026 15.05.2026 15.05.2026 14.05.2026 10.05.2026 08.05.2026 06.05.2026 03.05.2026 01.05.2026 29.04.2026 26.04.2026 25.04.2026 24.04.2026 13.04.2026 12.04.2026 10.04.2026 07.04.2026 04.04.2026 02.04.2026 29.03.2026 24.03.2026 20.03.2026 17.03.2026 13.03.2026 12.03.2026 11.03.2026 06.03.2026 06.03.2026 01.03.2026 28.02.2026 27.02.2026 27.02.2026 25.02.2026 21.02.2026 10.02.2026 06.02.2026 30.01.2026 28.01.2026 24.01.2026 24.01.2026 23.01.2026 10.01.2026 28.12.2025 19.12.2025 14.12.2025 13.12.2025 12.12.2025 09.12.2025 06.12.2025 05.12.2025 02.12.2025 27.11.2025 26.11.2025 23.11.2025 21.11.2025 20.11.2025 19.11.2025 13.11.2025 13.11.2025 08.11.2025 07.11.2025 07.11.2025 06.11.2025 30.10.2025 29.10.2025 24.10.2025 22.10.2025 19.10.2025 18.10.2025 16.10.2025 15.10.2025 13.10.2025 09.10.2025 07.10.2025 27.09.2025 26.09.2025 25.09.2025 25.09.2025 21.09.2025 19.09.2025 19.09.2025 12.09.2025 11.09.2025 09.09.2025 07.09.2025 31.08.2025 23.08.2025 29.06.2025 28.06.2025 22.06.2025 19.06.2025 15.06.2025 14.06.2025 14.06.2025 12.06.2025 11.06.2025 07.06.2025 30.05.2025 28.05.2025 25.05.2025 24.05.2025 22.05.2025 16.05.2025 15.05.2025 14.05.2025 09.05.2025 02.05.2025 30.04.2025 27.04.2025 16.04.2025 16.04.2025 12.04.2025 06.04.2025 02.04.2025 01.04.2025 26.03.2025 20.03.2025 14.03.2025 12.03.2025 08.03.2025 01.03.2025 27.02.2025 21.02.2025 08.02.2025 06.02.2025 26.12.2024 25.12.2024 24.12.2024 23.12.2024 21.12.2024 15.12.2024 11.12.2024 10.12.2024 05.12.2024 04.12.2024 03.12.2024 28.11.2024 17.11.2024 15.11.2024 13.11.2024 08.11.2024 06.11.2024 06.11.2024 03.11.2024 02.11.2024 29.10.2024 27.10.2024 25.10.2024 18.10.2024 16.10.2024 13.10.2024 11.10.2024 02.10.2024 29.09.2024 28.09.2024 28.09.2024 28.06.2024 22.06.2024 21.06.2024 01.06.2024 30.05.2024 25.05.2024 21.05.2024 17.05.2024 11.05.2024 10.05.2024 09.05.2024 07.05.2024 01.05.2024 01.05.2024 27.04.2024 26.04.2024 19.04.2024 14.04.2024 10.04.2024 29.03.2024 07.03.2024 16.02.2024 10.02.2024 08.02.2024 01.02.2024 27.01.2024 19.01.2024 18.01.2024 12.01.2024 11.01.2024 30.12.2023 26.12.2023 14.12.2023 13.12.2023 11.12.2023 07.12.2023 04.12.2023 01.12.2023 28.11.2023 20.11.2023 14.11.2023 14.11.2023 13.11.2023 12.11.2023 10.11.2023 30.10.2023 27.10.2023 13.10.2023 11.10.2023 03.10.2023 01.10.2023 30.09.2023 29.09.2023 28.09.2023 27.09.2023 27.09.2023 23.09.2023 22.09.2023 13.09.2023 05.09.2023 04.09.2023 03.09.2023 02.09.2023 15.08.2023 24.04.2023 22.04.2023 14.04.2023 13.04.2023
GALA: FOLK SHOW GALA: FOLK SHOW
Күні: 27.06.2026 Уақыты: 18:00
Зал: Үлкен зал
Сатып алу
МЮЗИКЛ ӘЛЕМІНЕ САЯХАТ МЮЗИКЛ ӘЛЕМІНЕ САЯХАТ
Күні: 21.06.2026 Уақыты: 18:00
Зал: Үлкен зал
Сатып алу
САЙРА БҰЛБҰЛ САЙРА БҰЛБҰЛ
Күні: 19.06.2026 Уақыты: 19:00
Зал: Камералық зал
Сатып алу

Жаңалықтар

Барлық жаңалықтар
Роза Бағланованың туғанына 100 жыл

Роза Бағланова 1922 жылдың 1 қаңтарында Қызылорда облысы Қазалы ауданында дүниеге келген. Туған кезде оған Үрбибі есімі берілгенімен, кейін ол бүкіл әлемге Роза Бағланова есімімен танылды. Бұл есім әнші көзі тірісінде-ақ аңызға айналды. Розаның құрметіне көптеген ата-аналар қыздарына осы әсем есімді қоя бастады. Соның жарқын мысалы – Қазақстанның халық әртісі, Қазақстанның Еңбек Ері Роза Рымбаева. Ол өз есімін Роза Тәжібайқызының құрметіне алған.

Роза Бағлановаға музыкаға деген сүйіспеншілік бала кезінен дарыды. Ол табиғи талантын ерте жастан дамытып, әншілік өнердің өзінің өмірлік жолы екенін түсінді. Алайда ХХ ғасырдың 30–40-жылдарындағы ауыр кезеңдер әншінің отбасын да айналып өтпеді. Әкесінен айырылған жас Роза қайсарлық танытып, отбасының жалғыз асыраушысына айналды.

Отбасының тұрмыстық жағдайы қиындаған кезде, 1940 жылдары Роза Бағланова Ташкент қаласындағы тоқыма институтына оқуға түседі. Мұнда ол оқуын еңбекпен қатар алып жүруге мүмкіндік алды. Дәл осы қалада Роза Тәжібайқызының үлкен шығармашылық жолы басталды. Ол Өзбек КСР-інің Мемлекеттік әйелдер ән және би ансамблінің солисі болды. Осы ансамбль құрамында 19 жасар Роза Бағланова майданға аттанды.

Толығырақ

Qazaqconcert туралы

Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымы 1960 жылы Алматы қаласындағы Жамбыл атындағы мемлекеттік филармонияның негізінде құрылды. 1960 жылғы 15 шілдеде Мәдениет министрлігінің шешімімен шығармашылық бірлестік филармония құрамынан бөлініп шықты.

1960–1961 жылдары «Қазақконцерттің» алғашқы көркемдік жетекшісі болып Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген қайраткері, композитор, домбырашы Мәқалим Қойшыбаев тағайындалды.

«Қазақконцерттің» алғашқы құрамында Ш. Жиенқұлова, М. Ержанов, Ж. Омарова, Ж. Елебеков, Ғ. Баязитова, Р. Есімжанова, Ү. Тұрдықұлова, Н. Тапалова, Р. Бағланова, М. Хамзин және қазақ мәдениетінің өзге де көрнекті қайраткерлері болды. Кейін олардың қатарына Е. Рахмадиев, С. Тыныштығұлова, Ә. Есқалиев, С. Шүкіров, Ғ. Талпақова секілді танымал өнер иелері қосылды.

XX ғасырдың 60–80 жылдары аралығында «Қазақконцерттің» шығармашылық базасында «Балбырауын», «Медео», «Әсем ән мен тәтті күй», «Қыздар-ай», «Перне», «Рауан» концерттік бригадалары, сондай-ақ «Всюду с песней», «Молодость в пути», «Арай», «Жалын», «Дәурен» ансамбльдері, «Самал» халық аспаптар ансамблі құрылды. Кейіннен «Дос-Мұқасан», «Арай», «Серпер» шығармашылық ұжымдары осы дәстүрді жалғастырып, қазақстандық өнерді әлемдік деңгейде танытты.

2016 жылы «Қазақконцерт» Астана қаласына көшіріліп, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы мәртебесіне ие болды.

Қазіргі таңда ұйым ТМД елдерінде баламасы жоқ, заманауи технологиялармен жабдықталған және бірегей сәулеттік нысан саналатын «QAZAQSTAN» орталық концерт залында қызмет атқарады.

2021 жылы «Қазақконцертке» Қазақстанның халық әртісі, Қазақстанның Халық қаһарманы Роза Бағланованың есімі берілді.

2023 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымына «академиялық» мәртебе берілді.

«Қазақконцертте» халық өнері, классикалық музыка және эстрада жанрларының барлығы қамтылған. Қазақстанның заманауи музыкалық өнерін А. Қоразбаев, А. Мұсахаджаева, Р. Рымбаева, М. Жүнісова, А. Нұрмағамбетова, Ж. Ысқақова, Б. Самединова, Қ. Махан, А. Елшібаева, А. Балажанова, М. Салықов, Қ. Төленбаева, Е. Жанаберген, Д. Құдайберген, Е. Рысқали, А. Желтіргізов, М. Әуелбекова сынды өнер қайраткерлері, сондай-ақ «Астана сазы» мемлекеттік фольклорлық ансамблі, «TURAN» этно-фольклорлық ансамблі, «FORTE TRIO» мемлекеттік триосы, Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрі, «ASTANA MUSICAL» мемлекеттік театры, «Халық қазынасы» ұлттық өнер орталығы, Классикалық өнер бөлімі, «Saz&Soul» вокалды-аспаптық ансамблі және басқа да шығармашылық ұжымдар таныстырып келеді.

Өзінің көпжылдық тарихында «Қазақконцерт» Қазақстан мәдениетінің флагманына айналды. Мұнда еліміздің үздік әртістері мен шығармашылық ұжымдары шоғырланған. Ұйымның концерттік кештері әрдайым көрерменнің кең аудиториясын жинайды. Музыкалық бағдарламалар жанрлық алуандығымен және ұлттық әрі әлемдік өнердің үздік туындыларын насихаттауға ұмтылатын орындаушылардың жоғары кәсіби шеберлігімен ерекшеленеді.

Толығырақ
Концерттік-гастрольдық қызмет орталығы

Республикалық концерттік – гастрольдік қызмет орталығы мәдениет пен мәдени – демалыс қызметінің түрлі салаларындағы жобаларды іске асыруға арналған алаң болып табылады. Орталық отандастарымыздың рухани-адамгершілік және патриоттық тәрбиесін қолдайды, шығармашылық ұжымдарға, әртістер мен музыкалық өнер орындаушыларына көмек көрсетеді.

Біздің серіктестер