X

«NEW YEAR FEST»: JOHANN STRAUSS

Күні: 24.12.2026 Уақыты: 19:00 Зал: Үлкен зал

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Вена вальсі мен полькасының ғажайып әлеміне шақырамыз!

Концерт бағдарламасының негізін XIX ғасырдағы еуропалық музыка мәдениетінің жарқын өкілі, «Вальс королі» атанған Иоганн Штраустың шығармалары құрайды. Композитордың әсем вальстері мен серпінді полькалары мерекелік кешке тән қуаныш пен тамаша көңіл-күй сыйлайды.

Кеш барысында Иоганн Штраустың «Жарғанат» опереттасының увертюрасы, «Әсем көк Дунайда», «Өнерпаз өмірі», «Императорлық вальс», «Көктем үні», «Люцифер», «Радецкий маршы» секілді танымал шығармалары, сондай-ақ «Трик-трак», «Күн күркіреуі мен найзағай», «Аңшылықта» және басқа да жарқын полькалары шырқалады.

Жаңа жыл қарсаңында Вена балдарының қайталанбас атмосферасын сезініп, мерекелік көңіл-күйге бөлейтін ерекше музыкалық кештен қапы қалмаңыздар!

Поделиться в соц. сетях: