X

«SAMGA» ensemble: TANGO

Күні: 18.12.2026 Уақыты: 19:30 Зал: Камералық зал

Тангоның тылсым әлемі — құштарлық, нәзіктік, драматизм мен еркіндік тоғысқан әуен!

«SAMGA» ансамблі әлемдік музыка мәдениетіндегі ең әсерлі жанрлардың бірі — тангоға арналған ерекше музыкалық кешке шақырады. Көрермендер Астор Пьяццолла, Карлос Гардель, Херардо Родригес және басқа да көрнекті композиторлардың әйгілі шығармаларын тыңдай алады. Әлемге танылған туындылар тың аспаптық өңдеулермен, өзгеше шығармашылық интерпретацияда орындалады.

Концерттің ерекшелігі — баян, фортепиано, скрипка мен виолончель үндерінің үйлесімінен туындайтын ансамбльдің өзіндік әрі сан қырлы әуезі. Аспаптық шығармалар вокалдық нөмірлермен, шығармашылық дуэттермен және әсерлі хореографиялық қойылымдармен толықтырылады. Музыканттар мен бишілердің сахнадағы жанды үндестігі музыка мен қимылды біртұтас көркем қойылымға ұластырады.

Концерт бағдарламасында әлемге әйгілі «La Cumparsita», «Por Una Cabeza», «Libertango», «Oblivion», «Жыл мезгілдері», «Клодқа арналған танго» және басқа да музыкалық туындылар орындалады. Сонымен қатар концертте қазақстандық шығармаларға да ерекше орын беріледі. Олар ұлттық музыкалық дәстүрдің жаңа қырын танытады.

Сахнада Айзат Қарабек, Әлібек Әлмадиев және «Гүлдер» ансамблі өнер көрсетеді.

Бұл жай ғана концерт емес, танго классикасы заманауи музыкалық ізденістермен, әлемдік жауһарлар қазақстандық шығармашылықпен тоғысатын ерекше сахналық саяхат болмақ.

Жаңа жыл қарсаңында әсем әуенге, әсерлі сезімге және мерекелік көңіл күйге толы кештің куәсі болыңыз!

Поделиться в соц. сетях: