X

«Алтын Орда музыкасы»

Күні: 12.12.2026 Уақыты: 18:00 Зал: Үлкен зал

Сіздерді «Алтын Орда музыкасы» концертіне шақырамыз!

Концерт бағдарламасына әлемдік классика мен заманауи музыканың Шығыс мәдениетінің байлығын, өзіндік ерекшелігі мен көркемдік қуатын айшықтайтын туындылары енген.

Симфониялық оркестрдің орындауында Сергей Прокофьевтің «Скифтер сюитасы», Александр Бородиннің «Орта Азияда» симфониялық картинасы, сондай-ақ «Князь Игорь» операсынан әйгілі «Половец билері» орындалады. Сонымен қатар концерт бағдарламасынан Джузеппе Вердидің «Аттила» операсынан үзінділер мен Серікжан Әбдінұровтың «Сақтар» шығармасы ерекше орын алады.

«Алтын Орданың әуені» – тарихи жадымен үндесіп, Ұлы даланың мәдени мұрасының тереңдігі мен ауқымын сезінуге, түрлі музыкалық дәстүрлердің өзара сабақтастығын тануға мүмкіндік беретін ерекше кеш.

Поделиться в соц. сетях: