X
Қазақконцерт ұсынатын қызметтер мен мүмкіндіктер

Біздің артықшылықтарымыз:

  • Елдегі басты әрі бірегей концерттік зал – «Qazaqconcert»;

  • Қазақстандық және шетелдік музыкалық өнердің танымал орындаушылары;

  • Қазақстанның танымал шығармашылық ұжымдары.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің "Роза Бағланова атындағы "Қазақконцерт" мемлекеттік академиялық концерттік ұйымы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны өндіретін және сататын тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағалар 

 

Біз ұсынатын қызметтер:

  • Іс-шара өткізуге арналған түрлі алаңдар;
  • Іс-шараның креативті тұжырымдамасы мен сценарийін әзірлеу (концерттер, фестивальдер, форумдар, көрмелер, презентациялар, семинарлар мен тренингтер, компания мерейтойлары, мерекелік корпоративтік кештер);
  • Баспасөз конференцияларын, брифингтерді, дөңгелек үстелдерді, банкеттерді, фуршеттерді және кофе-брейктерді ұйымдастыру.
Залдың түрлері

«QAZAQSTAN» орталық концерт залы – түрлі форматтағы іс-шараларды өткізуге арналған әлемдегі ең үлкен концерттік залдардың бірі. Ерекше ғимараттың сәулетішісі – белгілі италиялық архитектор Манфреди Николетти. Автор өзінің үздік туындысын «Дала гүлі» деп атап кеткен.  Ғимараттың сыртқы сұлбасы да енді ашылып келе жатқан дала гүлін көзге елестетеді. Әлемдегі ең әдемі сәулет құрылыстарының бірі – «QAZAQSTAN» ОКЗ 2019 жылы өзінің 10 жылдығын атап өтті.

«QAZAQSTAN» ОКЗ  өзінің көпфункционалдығымен және қайталанбас акустикасымен таңғалдырады. Залдың кез келген нүктесінен сахна айқын көрінеді. Эстетика мен акустиканың жоғары деңгейі – концерт залының басты артықшылығы. Осылайша бұл зал әлемдік шығармашылық кеңістіктің бір бөлігіне айналды. Мұнда отандық әртістер мен шығармашылық ұжымдар, сонымен қатар атақты шетелдік өнер жұлдыздары да өнер көрсетеді.

Документы
test