X
Қазақконцерттің Алматы қаласындағы филиалы

"Роза Бағланова атындағы "Қазақконцерт" мемлекеттік концерттік ұйымының Алматы қаласындағы филиалы 2016 жылы ашылды. Қазақстандық мәдениеттің көш басындағы ең ірі музыкалық ұжымның филиалы отандық өнердің дамуына, ұлт руханиятының жаңғыруына өзінің сүбелі үлесін қосып жүр. Филиал директоры - белгілі қобызшы, "Мagic of Nomads" тобының жетекшісі Ғазиза Ғабдрахимова.

 

Қазақконцерт филиалының құрамында қазақстандық сахна өнерінің майталмандары мен белгілі әншілері еңбек етеді. Олардың қатарында: Сара Тыныштығұлова, Роза Рымбаева, Мақпал Жүнісова, Айжан Нұрмағамбетова,Бағдат Сәмединова, Бибігүл Қилымхан, Сүлеймен Ибрагимов, Жеңіс Ысқақова, Перизат Омарбекова, Марал Анарбек, Жанболат Ербатыров, Жазира Байырбекова, Сая Махамбет, Райым Уайыс, "Меломен", "Азия" топтары және т.б. бар.

 

Филиалдың солистері мен шығармашылық ұжымдары республика өңірлерінде гастрольдік қызметпен белсене айналысып, үздік өнер туындылары мен концерттердің барша халыққа қолжетімдігін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, халықаралық дәрежедегі байқаулар мен фестивальдарға қатысып, заманауи қазақстандық өнердің танымалдылығын арттырып жүр.