Выбрать дату
Жаңалықтар
Барлық жаңалықтар26.05.2023
Фортепиано және оркестр26.05.2023
АСҚАР МҰҚИЯТТЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕШІ08.04.2023
Қазақ музыканттары Брюссельде концерт бердіҚазақтың әйгілі әншісі, КСРО және Қазақстанның халық әртісі, Халық қаһарманы Роза Бағланованың биыл 100 жылдық мерейтойы атап өтіледі. Роза Тәжібайқызы Бағланова – халықтың сүйікті әншісі, қазақ музыка өнерінің дамуына айрықша зор үлес қосып, ұлттың үні атанған біртуар тұлға.
Qazaqconcert туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің "Роза Бағланова атындағы "Қазақконцерт" мемлекеттік концерттік ұйымы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны. Бұл – отандық мәдениеттің көш басындағы ең ірі музыкалық ұйым.
2016 жылы Қазақконцерт Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің мемлекеттік ұйымы атанды.
2021 жылы Қазақконцертке КСРО және Қазақстанның халық әртісі, Халық қаһарманы Роза Бағланованың есімі берілді.
Қазақконцерттің басты мақсаты – озық музыкалық шығармаларды насихаттау, жоғары сапалы көркем музыкалық концерттік бағдарламаларды жасау, үздік өнер туындыларының халыққа қолжетімділігін қамтамасыз ету, отандық музыка өнерін одан әрі дамытуға ықпал ету.
«Қазақконцерт» ұжымы ТМД мемлекеттерінің шеңберінде баламасы жоқ әрі Қазақстан Республикасының маңызды архитектуралық құрылымдарының бірі – «Қазақстан» орталық концерт залында еңбек етуде. «Қазақстан» орталық концерт залында белгілі симфониялық және камералық оркестрлердің, танымал эстрада жұлдыздарының концерттері, театрлық қойылымдар жиі өткізіледі.
Республикалық концерттік – гастрольдік қызмет орталығы мәдениет пен мәдени – демалыс қызметінің түрлі салаларындағы жобаларды іске асыруға арналған алаң болып табылады. Орталық отандастарымыздың рухани-адамгершілік және патриоттық тәрбиесін қолдайды, шығармашылық ұжымдарға, әртістер мен музыкалық өнер орындаушыларына көмек көрсетеді.
Біздің серіктестер
Форма заявки
Өтінішіңізді жіберіңіз