X

ҚОСАМЫН ӘНГЕ АТЫҢДЫ

Күні: 23.10.2026 Уақыты: 19:00 Зал: Құрманғазы оркестрінің залы (Алматы қаласы, Абылайхан к-сі, 83)

«Қосамын әнге атыңды» - қазақ эстрадасының жарқын жұлдыздары бас қосатын, сағыныш пен сырға, махаббат пен әсем әуенге толы ерекше концерттік кеш.

Сахна төрінде Қазақстанның халық әртістері Алтынбек Қоразбаев, Роза Рымбаева, Мақпал Жүнісова; Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Айжан Нұрмағамбетова; Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Сүлеймен Ибрагимов, Жеңіс Ысқақова, Жанна Орынбасарова, Дильназ Ахмадиева ;ҚР мәдениет қайраткерлері Бибігүл Қилымхан, Перизат Омарбекова, Марал Анарбек; Халықаралық байқаулардың лауреаттары Алтыншаш Мұқатаева, Райым Уайс, Ербол Нариманұлы,Мади Рымбаев, Сая Махамбет, сондай-ақ «Меломен», «Azia» топтары өнер көрсетеді.

Концертте «Мен деп ойла», «Қарағым-ай», «Гүл сезім», «Аяла сен мені», «Жан досым», «Алматым жүрегімде», «Боз дала», «Сағындым Алматымды» сынды көпшілік сүйіп тыңдайтын әндер шырқалады. Сонымен қатар көрермен назарына заманауи шығармалар мен ұлттық би өнерінің көркем үлгісі ұсынылады.

Поделиться в соц. сетях: