«QAZAQSTAN» орталық концерт залы
«QAZAQSTAN» орталық концерт залы – түрлі форматтағы іс-шараларды өткізуге арналған әлемдегі ең үлкен концерттік залдардың бірі. Ерекше ғимараттың сәулетішісі – белгілі италиялық архитектор Манфреди Николетти. Автор өзінің үздік туындысын «Дала гүлі» деп атап кеткен. Ғимараттың сыртқы сұлбасы да енді ашылып келе жатқан дала гүлін көзге елестетеді. Әлемдегі ең әдемі сәулет құрылыстарының бірі – «QAZAQSTAN» ОКЗ 2019 жылы өзінің 10 жылдығын атап өтті.
«QAZAQSTAN» ОКЗ өзінің көпфункционалдығымен және қайталанбас акустикасымен таңғалдырады. Залдың кез келген нүктесінен сахна айқын көрінеді. Эстетика мен акустиканың жоғары деңгейі – концерт залының басты артықшылығы. Осылайша бұл зал әлемдік шығармашылық кеңістіктің бір бөлігіне айналды. Мұнда отандық әртістер мен шығармашылық ұжымдар, сонымен қатар атақты шетелдік өнер жұлдыздары да өнер көрсетеді.
Фотогалерея
Форма заявки
Өтінішіңізді жіберіңіз