FORTE TRIO Қазақстан мен Алжир арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың 30 жылдығына орай Алжирде өнер көрсетті
09.04.2026
2026 жылғы 29 наурыз бен 9 сәуір аралығында Қазақстан Республикасының мемлекеттік «FORTE TRIO» триосы Алжир Халық Демократиялық Республикасының Алжир және Оран қалаларында концерттер өткізді.
Гастрольдік сапар Қазақстан мен Алжир арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың 30 жылдығына арналды және екі ел арасындағы мәдени ынтымақтастықты дамытуға, гуманитарлық байланыстарды нығайтуға бағытталды.
Сапар аясында ұжым әлемдік және қазақ классикалық музыкасының шығармаларынан құралған концерттік бағдарламасын ұсынды. Концерттер Қазақстан Республикасының Алжирдегі Елшілігі мен Алжирдің Мәдениет және өнер министрлігінің қолдауымен өтті және көрермендер мен мәдени қауымдастық өкілдерінің оң бағасына ие болды.
Поделиться в соц. сетях:
Форма заявки
Өтінішіңізді жіберіңіз