X

«Қазақконцертте» қазақ халқының тұңғыш кәсіби бишісі, аңызға айналған Шара Жиенқұлованың шығармашылық мұрасына арналған «BIRLIK» ансамблінің концерті өтті

29.04.2026

Бүгін Қазақконцерт сахнасында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қазақстан халқының бірлігі және Халықаралық би күніне орай «BIRLIK- ЕДИНСТВО» концерті өтті.

Концерттің арқауына қазақ өнерінің көрнекті өкілі, қимыл арқылы ұлттың жан дүниесін сөйлеткен, қазақ биінің шамшырағы - Шара Жиенқұлованың рухани-шығармашылық мұрасы негіз болды.

Сахнада Қазақконцерттің «BIRLIK» ансамблімен бірге оның шығармашылық достары – «Наз» мемлекеттік би театры, «Вайнах» халықтық шешен-ингуш ансамблі, Үндістан Елшілігі жанындағы Свами Вивекананда атындағы мәдени орталығы, «Нұрсәулемай» үлгілі хореографиялық мектебі және «Gulder» ансамблінің балеті бас қосып, көрерменге әсерлі өнер кешін тарту етті.

Іс-шара барысында Шара Жиенқұлованың шығармашылығындағы шоқтығы биік «Қазақ вальсі» биі «BIRLIK» ансамблі мен көркемдік жетекшісі Анель Марабаеваның орындауында жаңа тыныс алып, кештің көркемдік шырайын одан әрі аша түсті. Сонымен қатар, қазақ, орыс, тәжік, өзбек, үнді, корей және өзге де халықтардың ұлттық билері орындалып, ұлттық өнер мен әлем халықтарының би дәстүрін шебер тоғыстырған, түрлі мәдениеттер үндескен тағылымды сахналық бағдарламаға айналды.

Шара соңында өнерпаздарға Қазақстан халқы Ассамблеясы атынан арнайы ықылас гүлі табысталды.

Поделиться в соц. сетях: