«БІЗДІҢ ЖӘРМЕҢКЕ»: «ҚАЗАҚКОНЦЕРТТЕ» РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ
21.10.2026
Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымында Республика күніне арналған «Біздің жәрмеңке» атты мерекелік концерті өтті.
Қазақтың дәстүрлі әні мен күмбірлеген күйі, әсем биі мен ұлттық өнерінің сан қырын тоғыстырған кеш көрерменге ерекше рухани әсер сыйлады.
Мерекелік сахна төрінде Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері, мәдениет саласының үздіктері, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері, республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаттары өнер көрсетті.
Кештің көркін арнайы шақырылған белгілі өнер майталмандары мен шығармашылық ұжымдар аша түсті.
Концерттің ерекше сәті – АҚШ-тан келген әуесқой күйші Мистер Джеффтің Құрманғазының әйгілі «Адай» күйін орындауы болды. Қазақтың қасиетті домбырасынан төгілген күй шетелдік өнерпаздың орындауында жаңаша сипат алып, көрерменнің зор қошеметіне ие болды.
Бұл – қазақ күйінің құдіреті шекара талғамайтынын, ұлттық өнеріміздің әлемдік мәдени кеңістікте өз орнын таба бастағанын айғақтайтын әсерлі сәт.
Ұлттық өнеріміз ұлықталып, Тәуелсіз еліміздің мерейі арта берсін!
#Қазақконцерт #БіздіңЖәрмеңке #РеспубликаКүні #ҰлттықӨнер
Поделиться в соц. сетях:
Форма заявки
Өтінішіңізді жіберіңіз