Қазақконцертте «Сүйікті жандар үшін...» атты классикалық музыка кеші өтті
06.03.2026
Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымында «FORTE TRIO» мемлекеттік триосының «Сүйікті жандар үшін...» атты классикалық музыка кеші өтті.
Концерттік бағдарламада қазақ және әлемдік классиканың таңдаулы туындылары, тебірентер ариялар мен сүйікті романстар орындалды. Атап айтқанда, «Назқоңыр», «Ақ қурай», «Маритана», «Гимн любви», «Вальс», «Mamma», «Вuongiorno a te» және т.б.
Іс-шараға Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Медет Чотабаев (тенор) және «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Азат Мәлік (баритон) қатысты.
Аталған кеш 8 наурыз - Халықаралық әйелдер мерекесіне орай ұйымдастырылды.
Поделиться в соц. сетях:
Форма заявки
Өтінішіңізді жіберіңіз