X

Астанада белгілі күйші Бақыт Басығараевтың 100 жылдығына арналған күй кеші өтті

08.04.2026

Бүгін Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен танымал күйші, композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері Бақыт Басығараевтың 100 жылдығына арналған күй кеші өтті. 

Іс-шара барысында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның кеш қатысушылары мен қонақтарына арнайы құттықтауы жеткізілді.

Күй кешін әке рухына тағзым ретінде Мәдениет саласының үздігі, Мәдениет қайраткері, «Халық қазынасы» ұлттық өнер орталығының солисі Еділ Басығараев жүргізіп, Қазанғап, Үсен Төре, Боғда және халық күйлерін орындады. Сондай-ақ мұрағаттан алынған Бақыт Басығараевтың бейнежазбасы көрсетіліп, көрермендер күйлердің тарихы жайлы оның өз аузынан айтылған естеліктерді тамашалады.

Кеш барысында Бақыт Басығараевтың немересі Жайық Басығара, сондай-ақ Еділ Басығараевтың шәкірттері өнер көрсетті. Сонымен қатар іс-шараға Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Айгүл Елшібаева мен Елмұра Жаңаберген, сондай-ақ «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Ардақ Елеусіз қатысты.

Поделиться в соц. сетях: