X

«Қазақконцертте» Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Салтанат Ахметованың шығармашылық кеші өтті

03.05.2026

3 мамыр күні Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Қазақконцерт» залында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, көрнекті опера әншісі Салтанат Ахметованың алғашқы жеке концерті өтті.

Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрі кешті «Қыз-Жібек» операсынан «Шашу» туындысымен ашып, көрермендерге көңіл-күй сыйлады.

Концерт бағдарламасы қазақ музыкасының шығармаларынан басталып, әлемдік классикалық туындылармен жалғасты. «Гром и молнии» шығармасының Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрінің орындалуы айрықша деңгей болды.

Кештің ең әсерлі сәттерінің бірі – опера әншісінің «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаттары Расул Жармағамбетов пен Артур Габдиевпен бірге орындаған дуэттері болды.

Концерт әйгілі австриялық композитор Иоганн Штраустың «Весенние голоса» туындысымен аяқталды. Бұл шығарма Салтанат Ахметованың репертуарында алғаш рет орындалып, кештің шарықтау шегіне айналды.

Салтанат Ахметова өзінің өнерімен көрермендерді тәнті етіп, шығармашылығымен ерекшеленді.

Бұл кеш әрбір тыңдарманға ерекше әсер сыйлап, ұмытылмас сәттерге толы болды.

Поделиться в соц. сетях: