«COUPE MONDIALE 79» БАЙҚАУЫНЫҢ ҮШІНШІ КҮНІ ӨТТІ
25.08.2026
Бүгін «Coupe Mondiale 79» байқауының үшінші күні. Халықаралық баянистер мен аккордеоншылар байқауы аясындағы конкурстық тыңдалымдар жалғасты.
Байқау қатысушылары үш залда қатар өнер көрсетіп, Coupe Mondiale Round 2, Virtuoso Entertainment Round 1, Junior Virtuoso Entertainment және Masters Round 1 аталымдары бойынша халықаралық қазылар алқасының алдында шеберліктерін танытты.
Конкурстық бағдарлама таңғы сағат 08:30-дан басталып, кешке дейін жалғасты.
Ал күннің музыкалық қорытындысы – сағат 20:00-де Олжас Нұрлановтың жеке концерті болды.
Айта кетейік, халықаралық «Coupe Mondiale 79» байқауын Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен, Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының ұйымдастыруымен Қазақстанда және Орта Азияда алғаш рет өтіп жатыр. Ал, жобаның басты демеушісі - «Halyk bank» АҚ.
Поделиться в соц. сетях:
Форма заявки
Өтінішіңізді жіберіңіз111