«Достар серті» мюзиклі сахналанды
10.01.2026
Қазақконцерт сахнасында «ASTANA MUSICAL» мемлекеттік театрының репертуарындағы көрермен сүйіспеншілігіне ие болған «Достар серті» мюзиклі қайта қойылды.
Мюзиклдің премьерасы 2016 жылы 16 қазанда өткен болатын. Осы уақыт аралығында көрерменнің жоғары бағасына ие болған мюзикл театрдың негізгі қойылымдарының біріне айналды.
Аталмыш мюзиклде қазақ музыкасының «Алтын қорына» енген Ш.Қалдаяқов, Е.Хасанғалиев және «Дос-Мұқасан» тобының әндері арқау болды. Сонымен қатар, әлемдік музыканың жарық жұлдызы «The Beatles» тобының репертуарындағы шығармалар және жаңа стилистикалық бағытта жазылған композициялар орындалды.
Мюзикл желісі 1960-70-жылдар кезеңінде өрбиді, еліміздің әр өңірінен арман қуып, консерваторияға оқуға келген және бір қалада тоғысқан төрт абитуриент жігіттің басынан кешкен қызықты оқиғалары, жалындаған жастық шақтары, адал достық пен нағыз махаббат хикаялары баяндалады.
Либретто авторы – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бақыт Қайырбеков, аудармашы, драматург – Әннас Бағдат. Қойылымның музыкасын жазған танымал дирижер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері – Артур Оренбургский. Мюзикл режиссері – «Astana Musical» мемлекеттік мюзикл театрының көркемдік жетекшісі Есләм Нұртазин.
Поделиться в соц. сетях:
Форма заявки
Өтінішіңізді жіберіңіз