X

Әртістер мен шығармашылық ұжымдарға қабылдау

01.02.2026

Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» МАКҰ Көркемдік кеңесінің ұсынысымен әртістер мен шығармашылық ұжымдарға қабылдау 2026 жылғы 1 ақпаннан бастап төмендегідей жаңа бағытта жүргізілетінін хабарлаймыз:

 

1.      Ұйымның әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында әртістік құрам мен шығармашылық ұжымдардың бос жұмыс орындары (вакансиялар) туралы ақпарат жарияланады.

2.      Вакансия жарияланған күннен бастап бір ай мерзім ішінде үміткерлерден өтінімдер қабылданады.

3.      Өтінім тапсырған үміткерлер үшін тыңдалым (іріктеу) өткізілетін күні белгіленеді.

4.      Тыңдалым айына бір рет қажет болған жағдайда екі рет өткізіледі.

5.      Тыңдалым қорытындысы бойынша Комиссия тиісті хаттама рәсімдейді.

6.      Комиссияның хаттамалық шешімі Ұйымның әкімшілігіне ұсынылады.

 

 Ереже 

Поделиться в соц. сетях: