«GULDER» би ансамблі әртісі лауазымына кастинг жарияланады
17.08.2026
Кандидаттарға қойылатын талаптар:
▪️ Арнайы орта немесе жоғары білім туралы дипломының болуы міндетті;
▪️ Бойы: қыздар үшін – 165–180 см, жігіттер үшін – 175 см және одан жоғары;
▪️ Жасы: 18–25 жас аралығы;
▪️ Классикалық би сабағын міндетті түрде орындау және бір концерттік нөмір көрсету міндетті;
▪️ Классикалық, халықтық-сахналық және ұлттық би негіздерін меңгеру.
Бағалау критерийлері:
▪️ Орындау техникасы;
▪️ Әртістік шеберлігі және сахналық мәнерлілігі;
▪️ Музыкалық қабілеті;
▪️ Сахна мәдениеті;
▪️ Ансамбль құрамында жұмыс істей білуі;
▪️ Кәсіби тәртібі және даму әлеуеті.
Кастинг өткізу күні: 21 тамыз
Уақыты: 14:00
Өтетін орны: Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 10/1, Qazaqconcert, репетициялық зал.
Өтінімдерді қабылдау және байланыс телефоны:
+7 700 788 89 42 (WhatsApp, Telegram)
Поделиться в соц. сетях:
Форма заявки
Өтінішіңізді жіберіңіз111