X

Біз "Ashyq" жобасына қосылдық

10.05.2021

«Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы (бұдан әрі – Концерттік зал) «Ashyq» жобасына қатысады.


Қауіпсіздік шараларын сақтау мақсатында «Ashyq» қосымшасын алдын ала өзіңіздің ұялы телефоныңызға орнатуды сұраймыз. Назарларыңызға «Ashyq» қосымшасын пайдаланудың ережесін ұсынамыз:

1. «Ashyq» қосымшасын жүктеу және орнату (Iphone үшін App Store-да, Android үшін Google Play-да).

2. Телефон номері мен ЖСН енгізу.

3. Концерттік залға кірерде «КІРУ» тіркеуінен өтіп, QR-кодты (КIРУ/ВХОД) сканерлеу керек.

4. Жүйе келушінің мәртебесін анықтайды, оны ғимаратқа кірерде  Концерттік залдың қызметкеріне көрсету керек.


Мәртебе түрлері:

Көк және жасыл – Концерттік залға кіруге шектеу жоқ

Сары – COVID-19 індетімен науқастанған адаммен байланыста болғандықтан, ғимаратқа кіруге болмайды

Қызыл – Концерттік залға кіруге қатаң тыйым салынған, себебі үйде оқшаулану немесе амбулаторлық емделу тәртібінде болу керек.

Егер «қызыл» немесе «жасыл» белгі анықталса, онда келушіге концерттік залға кіруге тыйым салынады. Концерттік іс-шара басталмас бұрын келуші өзінің мәртебесі жөнінде скриншотты көрсетіп, алған билеттерді тапсырады.


5. Егер келуші өз мәртебесін тексере алмаса, онда Концерттік залдың қызметкері «күзетші» режимінің көмегімен – келушінің келісімімен оның ЖСН ақпараттық жүйеге енгізу арқылы жүзеге асыра алады.

65 жастан асқан адамдардың Концерттік залға келуіне уақытша шектеу қойығаны туралы еске саламыз.

(Негіздеме: Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері С.С.Бейсенованың қолы қойылған «Нұр-Сұлтан қаласындағы шектеу және карантиндік шаралары туралы» 02.02.2021 жылғы № 5 қаулының 1.5-тармағы)


Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін аталған шараларға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз.

Поделиться в соц. сетях: