«ХАЛЫҚ ӘУЕНІ» КОНЦЕРТТІК-ГАСТРОЛЬДІК ТУРЫ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ӨТЕДІ
19.05.2026
«Халық әуені» концерттік-гастрольдік туры жобасы аясында Қазақконцерт мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының Алматы қаласы филиалының әртістері Алматы облысында концерттік бағдарлама ұсынады.
Кеш барысында ұлттық және эстрадалық өнердің үздік туындылары сахнада жаңаша сипат алып, халыққа кеңінен танымал әндер заманауи музыкалық өңдеумен орындалады.
Сахна төрінде Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері, «Құрмет» орденінің иегерлері Айжан Нұрмағамбетова, Сүлеймен Ибрагимов, Бибігүл Қилымхан, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жанна Орынбасарова, ҚР Мәдениет қайраткері, «Шапағат» медалінің иегері, биші Перизат Омарбекова, ҚР Мәдениет қайраткері, ҚР мәдениет саласының үздігі Марал Анарбек, халықаралық байқаулардың лауреаттары Мади Рымбаев, Сая Махамбет, Гүлнар Көшенова, Райым Уайыс өнер көрсетеді.
Сонымен қатар, концертке «Меломен» және «Azia» топтары қатысады.
Концерт кестесі:
21 мамыр | 18:00
Райымбек ауданы / Нарынқол ауылы
Орталық алаң
22 мамыр | 18:00
Кеген ауданы / Кеген ауылы
Орталық алаң
23 мамыр | 19:00
Ұйғыр ауданы / Шонжы ауылы
Орталық алаң
Поделиться в соц. сетях:
Форма заявки
Өтінішіңізді жіберіңіз