Қазақконцерт орындаушыларға арналған тыңдалым жариялайды
20.01.2026
Қазақконцерт «Астана сазы» қазақ мемлекеттік фольклорлық ансамблінің әртісі лауазымына (сазсырнай, үрмелі аспаптар) қабылдау үшін орындаушыларға арналған тыңдалым жариялайды.
Тыңдалым талаптары:
Тыңдалымға қатысушылардың сазсырнай аспабында еркін ойнай алуы міндетті.
Қосымша аспаптарда (флейта, сыбызғы, дудук және т.б.) орындау шеберлігі ескеріледі.
Өтетін орны:
Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 10/1,
Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымы, камералық зал
Өтетін уақыты:
2026 жылғы 2 ақпан, сағат 11:00
Байланыс телефоны:
тел.: +7 (747) 675-72-05
Резюмелер ruslan.makymov@gmail.com электрондық поштасы арқылы қабылданады.
Тыңдалымға тіркелу үшін мына сілтеме арқылы өту қажет: https://forms.gle/PBYp6UEk3eH57u6b8
Поделиться в соц. сетях:
Форма заявки
Өтінішіңізді жіберіңіз