X

Фортепиано және оркестр

26.05.2023

«Роза Бағланова атындағы Қазақконцерт» мемлекеттік концерт ұйымы «Флейта және оркестр» атты классикалық музыка кешіне шақырады.

Кеш барысында Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрі мен испаниялық пианист Антонио Сори концерттік бағдарлама ұсынады. Концерт дирижер Паоло Шибилидің (Италия) жетекшілігімен өтеді. Оркестрдің көркемдік жетекшісі - танымал скрипкашы, Қазақстанның Халық әртісі, «Қазақстанның Еңбек Ері» Айман Мусахаджаева, бас дирижері - ҚР еңбек сіңірген қайраткері Бахытжан Мусаходжаев.

 

Концерттік бағдарламада:

1. М. Равель. «Болеро».

2. М.Равель. Концерт №1 оркестрмен фортепиано үшін соль мажор, М 83.

3. П. Чайковский. «Итальянское каприччио» op. 45.

4. Н.Римский-Корсаков. «Испанское каприччио» op. 34.

 

Антонио Сориа Испания, Португалия, Польша, Италия, Дания, Болгария, Мексика, АҚШ, Египет, Германия, Австрия, Бразилия, Швеция, Түркия, Македония, Норвегия және Румыния елдерінде солист ретінде және концерттік бағдарламаларда өнер көрсеткен. Ол Валенсия университетінің эстетика және музыкалық шығармашылық бөлімінің магистрі және докторы, Овьедо (Астурия княздігі) Жоғары консерваториясының профессоры, сонымен қатар ISLIM (Жоғары музыкалық тіл және орындау институты) Filarmónica Cervantes жобасының академиялық және көркемдік жетекшісі.

Паоло Шибилиа 1988 жылы мектепті бітіргеннен кейін Серджио Фиорентино, Джордж Сандор, Питер Розел, Дэн Григор және Имола академиясында біліктілігін арттырды. Ол бірінші «Еуропалық қоғамдастықтың жоғары мамандану мектебінде» (Турин) Александр Лонкич пен Жан Фассинамен, сондай-ақ Загребтегі музыкалық академияда Владимир Крпандамен бірге кәсіби шеберлігін шыңдап, Италия үкіметінің шәкіртақысын иеленді. Ол Неапольдің «Сорренто концерттік қоғамы» мен  «A.Gi.Mus» секциясының президенті, Козенца концерттік қоғамының музыкалық кеңесшісі, Неапольдегі, Соррентодағы, Амальфидегі, Позитанодағы халықаралық фестивальдердің көркемдік жетекшісі, итальяндық және шетелдік белді оркестрлер мен камералық ансамбль және солистерді белсенді түрде насихаттайды.

Қадірлі көрермен, сіздерді «Флейта және оркестр» атты классикалық музыка кешінде асыға күтеміз. Сырлы әуен ұмытылмастай есте қалары анық.

 

 

 

Поделиться в соц. сетях: