X

«Қазақконцерттің» әртістері Вьетнамда өнер көрсетті

22.08.2023

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ханойға ресми сапары аясында Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов Вьетнамның Мәдениет, спорт және туризм министрі Нгуен Ван Хунгпен кездесіп, Қазақстан мен Вьетнам арасындағы туризм саласындағы ынтымақтастық туралы бес жылдық меморандумға қол қойды.

«Біз елдерімізде өтетін туристік іс-шаралар туралы ақпарат алмасамыз және бір-бірімізді халықаралық туристік жәрмеңкелерге, семинарларға және басқа да іс-шараларға шақырамыз», - деп жазды Асхат Оралов «Телеграм-каналында».

Айта кетейік, Ханойға ресми сапардың ерекшелігі - халықтар достығының тұлғасына айналған «ТURAN» этно-фольклорлық ансамблінің қатысуымен концерттің өтуі болатын. Тамыздың 19-ы мен 24-і аралығында қазақтың дәстүрлі музыкасының кәсіби орындаушылары әлемнің түрлі қалаларын аралау гастрольдік сапары аясында Вьетнам астанасының көрермендеріне өз өнерлерін ұсынды. Қазір өнер ұжымы 15 жылдық мерейтойы аясында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен халықаралық гастрольдерге шығып жүр.

Мерекелік кеште музыканттар өз репертуарындағы үздік шығармаларымен көрермендерді баурап алды. Концерт өнер сүйер қауымның қазақстандық мәдениетке деген үлкен қызығушылығын тудырды. Шараға мәдениет және өнер қайраткерлері, мемлекеттік органдар мен дипломатиялық корпус өкілдері қатысты.

Поделиться в соц. сетях: