X

«GULDER» ансамблінің әртісі лауазымына қабылдау үшін тыңдалым жарияланады

04.02.2026

«GULDER» ансамблінің әртісі (саксофон, клавишті аспаптарда орындаушылар) лауазымына қабылдау үшін тыңдалым жарияланады.

 

Тыңдалым эстрадалық бағыттағы аспапта ойнайтын әртістердің кәсіби деңгейін, техникалық дайындығын, метроритмдік тұрақтылығын және шығармашылық ойлау қабілетін анықтау мақсатында өткізіледі.

 

Тыңдалым талаптары:

 

I кезең – Цифрлық белгілер бойынша орындау және метроритмдік дәлдік

Орындаушы эстрадалық репертуардан ұсынылған шығарманы цифрлық гармония (цифровка) бойынша орындайды.

Метрономмен жұмыс істеу дағдылары тексеріледі.

 

Бағалау барысында:

         •        гармониялық функцияларды түсіну және қолдану;

         •        ырғақтық тұрақтылық пен темпті сақтау;

         •        ішкі пульсация;

         •        ансамбльдік ойлау (ритм-секция логикасын сезіну);

         •        дыбыс сапасы мен техникалық тазалық ескеріледі.

 

II кезең – Жеке орындаушылық және импровизация

Орындаушы алдын ала дайындалған шығарманы орындайды және ұсынылған гармониялық схема немесе стильдік бағыт (jazz, pop, funk, fusion және т.б.) негізінде импровизация жасайды.

 

Бағалау критерийлері:

         •        аспапта ойнау техникасының деңгейі;

         •        эстрадалық стильді сақтау (фразировка, артикуляция, ритм);

         •        импровизациялық ойлау және музыкалық логика;

         •        гармония мен ладты саналы қолдану;

         •        көркемдік интерпретация және сахналық еркіндік.

 

III кезең – Нота парағынан оқу (читка с листа) және сұхбат

Эстрадалық ноталық материалды (lead sheet, rhythm section parts) парақтан оқу қабілеті, кәсіби көзқарасы және музыкалық дүниетанымы анықталады.

 

Бағалау барысында:

         •        нота парағынан оқу деңгейі;

         •        форма мен гармонияны жылдам бағдарлау;

         •        музыкалық реакция жылдамдығы;

         •        эстрадалық музыка саласындағы теориялық және практикалық білімі;

         •        шығармашылық жоспарлары мен ансамбль жұмысына қатысты ұсыныстары ескеріледі.

 

Тыңдалымға қатысу шарттары:

         •        Эстрадалық бағытта кәсіби деңгейде аспапта ойнай білу;

         •        Ансамбльдік орындауға дайындық.

 

Өтетін орны:
Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 10/1,
Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымы, 101 кабинет.

 

Өтетін уақыты:
2026 жылғы 16 ақпан, сағат 11:00

 

Байланыс үшін:
тел.: +7 777 477-65-65 , gulderensemble1968@gmail.com

Тыңдалымға тіркелу үшін мына сілтеме арқылы өту қажет:  https://forms.gle/79v784bKn8p9uiWGA

 

 

 

Поделиться в соц. сетях: