X

«Birlik» ансамблі «Өмір – қазына» хореографиялық спектакль-концертін ұсынды

14.03.2026

«Birlik» ансамблінің «Өмір – қазына» атты хореографиялық спектакль-концерті өтті.

Концерттік бағдарламада «Жарысқазан» «Шілдехана», «Сәукеле. Қалыңдық. Қыз жасауы», «Қыз ұзату», «Той. Беташар», «Май құю. Сәлем салу», «Аққу», «Аманат», «Жер-Ана» және т.б. билер орындалды.
Іс-шараға «Astana sazy» Қазақ мемлекеттік фольклорлық ансамблі, «Жошы» этно-фольклорлық ансамблі және «ASTANA MUSICAL» мемлекеттік театры қатысты.

«BIRLIK» ансамблі – Қазақстандағы әртүрлі этностар мен мәдениет өкілдерінің ерекшеліктерін көрсететін алғашқы көпұлтты өнер ұжымы. Ансамбльдің басты мақсаты – түрлі ұлттардың өнері мен мәдениетімен таныстыру. Өнер ұжымы құрылғанға дейін репертуарды қалыптастыру, әртүрлі ұлт өкілдері арасынан ең үздік бишілерді іріктеу бағытында кең ауқымды дайындық жұмыстары жүргізілді.

 Ансамбльдің көркемдік жетекшісі – Әнел Марабаева. Оның репертуарында мәдени мұраның байлығын көрсететін 30-ға жуық халық биі бар.

Поделиться в соц. сетях: