X

Әлібек Дінішевке "Қазақстанның Еңбек Ері" атағы берілді

30.07.2021

Бүгін Қазақстанның Халық әртісі Әлібек Дінішевке жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – "Қазақстанның Еңбек Ері" атағы берілді. Әйгілі опера әншісі бұл атақты Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың жарлығымен отандық мәдениетті дамыту және музыка өнерін дәріптеудегі айрықша еңбегі үшін алды.

Әлібек Мұсаұлының шығармашылық жолындағы бұл атаулы дата оның 70 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келді.

Ол 40 жылдан астам өмірін опера өнеріне арнады. Әлемнің үздік сахналарында өнер көрсеткен әнші ерекше талантымен, жоғары кәсіби шеберлігімен отандық және шетелдік тыңдармандардың зор ықыласына бөленген.

Бүгінгі қос мерекемен Әлібек Мұсаұлын «Қазақконцерт» ұжымы және  концерттік ұйымның басшысы Жеңіс Сейдуллаұлы құттықтады.

Поделиться в соц. сетях: