X
Тимур
Тимур Урманчеев

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, профессор, пианист, Қазақстан Республикасының мемлекеттік FORTE TRIO триосының көркемдік жетекшісі

Толығырақ

Фото

Әртіс туралы

Қазақстанның академиялық музыкалық өнерінің жетекші өкілдерінің бірі болып табылады. Оның шығармашылық және қоғамдық қызметі ұлттық музыкалық мәдениетті дамытуға және халықаралық мәдени ынтымақтастықты нығайтуға зор үлес қосып келеді.

Тимур Урманчеев көптеген жылдар бойы Қазақстанды халықаралық деңгейдегі ең ірі сахналарда лайықты таныстырып келеді. Ол жеке орындаушы, камералық музыкант және ауқымды мәдени жобалардың ұйымдастырушысы ретінде өнер көрсетуде. «Астана кештері», «Жапон күзі», «Жапон көктемі» халықаралық өнер фестивальдерінің, «Көктем самалы» және «Жүрек сазы» республикалық фестивальдерінің, сондай-ақ «Времен связующая нить» мәдени қайырымдылық мегажобасының көркемдік жетекшісі болып табылады.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік FORTE TRIO триосының негізін қалаушы әрі көркемдік жетекшісі ретінде Тимур Урманчеев қазақстандық орындаушылық өнерді халықаралық деңгейде насихаттауға белсенді үлес қосып келеді. Ұжым Еуропа, Азия және Америка елдеріндегі беделді фестивальдер мен концерттік алаңдарда Қазақстанды табысты таныстыруда.

Музыканттың жоғары кәсібилігі мен көпжылдық шығармашылық қызметі бірнеше мәрте мемлекеттік наградалармен және құрметті атақтармен атап өтілді. Тимур Урманчеев — «Renata Tebaldi – Mario Del Monaco» халықаралық вокал академиясының (Италия) құрметті профессоры.

Білімі

• Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы (фортепиано);

• Ассистентура-тағылымдама;

• П. И. Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясының профессоры Александр Ведерниковтың жетекшілігімен жоғары орындаушылық шеберлік курстары.

Марапаттары мен атақтары

• «Ерен еңбегі үшін» медалі (2001);

• Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері (2006);

• «Құрмет» ордені (2015);

• «Профессор» ғылыми атағы (2025).

Поделиться в соц. сетях: