X
«Ел бірлігі-Жаңа Қазақстан» жобасы
 «Ел бірлігі-Жаңа Қазақстан» жобасы

        Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың моноқалаларды дамыту тапсырмасына сәйкес, 2022 жылы «Қазақконцерт» ұжымы «ЕЛ БІРЛІГІ – ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН» жобасын қолға алған болатын. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен кезең-кезеңмен 2022-2025 жылдар аралығында іске асырылады. Жалпы алғанда бұл жоба бойынша 28 аудан, 29 моноқала, 20 облыс орталығының тұрғындары қамтылатын болады.
       Жобаның мақсаты – өңір тұрғындары үшін мәдени құндылықтардың қолжетімділігін қамтамасыз ету, өнер қайраткерлеріне қолдау көрсету және ұлттық өнерді дәріптеу. Жоспарға сай, ұйымның танымал әртістері мен шығармашылық ұжымдары аймақ көрермендеріне әр түрлі бағыттағы концерттік бағдарламаларды ұсынады.

Фото

Видео