X

Мажарстан мен Пакистан жұлдыздары «ҚАЗАҚКОНЦЕРТТЕ»

Күні: 01.10.2023 Уақыты: 17:00 Зал: «QAZAQSTAN» ОКЗ

«ALEM SAZ» II халықаралық музыка фестивалі әлемдік өнердің қыр-сырымен таныстыратын музыкалық кештерін жалғастыруда. Мажарстан мен Пәкістан әртістерінің қатысуымен өтетін музыкалық кеш елорда тұрғындары мен қонақтарына қайталанбас әсер мен көңіл күй сыйлайды. Концертке қатысушылар - ерекше орындаушылық әдіс қолдану арқылы классика және джаз жанрларын шебер біріктіре алған әлемге әйгілі музыканттар.

Танымал мажарстандық пианист және композитор Каэль Норберт классикалық шығармаларды айрықша орындауымен ерекшеленеді. Венгрияның жетекші барабаншысы, өз елінде джаз байқауының бірінші жүлде иегері Андраш Лакатос пен әлемдегі ең беделді джаз фестивальдерінде көрерменнің ыстық ықыласына бөленіп жүрген контрабасшы Питер Олахтың өнерлері көпшілікті бей-жай қалдырмау тиіс. Мажар халқының дәстүрлі, әлемдік және джаз музыкасының концерті сағат 17-00-де басталады.

Содан кейін Пәкістанның жетекші әртістері Розмари Муштак пен Джабар Аббастың орындауындағы түрлі-түсті шығыс әуендерін сағат 19.00-де өтетін музыкалық кеште тамашалауға болады.

Розмари Муштак - Роуз Мари деген лақап атпен танымал, өзінің шығармашылық жолын жеті жасқа жетпей бастаған талантты классикалық әнші. Әуезді дауысының арқасында ол халықаралық ареналарда танымал.

Джабар Аббас – әншілік мансабы 1997 жылдан бастау алған пәкістандық әнші-композитор және музыкант. 2003-2007 жылдары Лахор университетінің Мемлекеттік колледжінде Назир Ахмед музыкалық қоғамының президенті болған кезінде танымал бола бастаған. Содан кейін Hum Sub Umeed Se Hain саяси сатиралық шоуына қатысып, үш жүзден астам пародиялық әндер жазды. 2012 жылы ол өзінің алғашқы «Chan Mahi» синглін шығарды.

2013 жылы «Зинда Бхаг» және «Мейн Хун Шахид Африди» фильмдеріне әндер жазып, 2016 жылы Coke Studio-да Sheraz Uppal командасының жетекші әртісі ретіндегі дебютін атап өтті.

Сонымен қатар, «Qazaqstan» орталық концерт залының фойесінде сағат 12.00-де «Пәкістанның өнері мен мәдениеті» көрмесі ашылады. Сағат 11.30 және 14.00-де «Parwaaz Hai Junoon» «Ұшу- ол құштарлық» фильмдерін экшн жанрында, 14+ мелодрамада, ағылшын субтитрлерімен ағылшын тілінде) және «Waar» («Соғыс») (экшн, триллер, драма, 16+, ағылшын субтитрлерімен ағылшын тілінде) фильмдері арқылы Пәкістан киносымен жақынырақ танысуға болады.

 

Поделиться в соц. сетях: