X

«Қазақконцерт Сыр елінде» атты мерекелік концерті

Күні: 14.11.2023 Уақыты: 19:00 Зал: Байқоңыр қалалық Мәдениет сарайы

Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы Алматы филиалы әртістері Сыр өңірінің халқына әннен шашу шашпақшы. 

«Сыр елі - жыр елі» атанған киелі мекен - Қызылорда облысының 85 жылдық мерейтойына орай «Қазақконцерт Сыр елінде» атты мерекелік концерт ұйымдастырылады. Әртістер Қызылорда және Байқоңыр қалаларында өнер көрсетеді деп жоспарлануда.

Концертке Жеңіс Ысқақова, Сүлеймен Ибрагимов, Жанна Орынбасарова, Сая Махамбет, Перизат Омарбекова, Бибігүл Қилымхан, Әлихан Дүйсенбай, Раим Уайс және «Меломен» тобы секілді Қазақконцерттің танымал өнер жұлдыздары қатысады. Кеш жүргізушісі - Марал Анарбек.

 

Поделиться в соц. сетях: