X

VIVALDI & HAYDN

Күні: 30.01.2026 Уақыты: 19:00 Зал: Үлкен зал

Алғашқы ноталарынан-ақ жүрекке жол табатын музыка! Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрі әлемдік классиканың жауһары - Антонио Вивальдидің әйгілі «Жыл мезгілдерін» ұсынады. Бұл шығарма академиялық сахнадан асып, кино мен театр әлемінде кеңінен қолданыс тапты. Ал концерттік орындауда ол тыңдарманға жаңа әсер мен терең эмоция сыйлайды.

Іс-шараға белгілі виртуоз Антонелло Д’Онофрио (фортепиано) және халықаралық байқаулардың лауреаты Амина Ахметжанова (скрипка) қатысады.

Кеш бағдарламасы:

Антонио Вивальди. «Жыл мезгілдері»

Йозеф Гайдн. Скрипка мен фортепианоға арналған концерт

Антонелло Д’Онофрио - әлемдік сахналарды бағындырған италиялық пианист, Дж. Верди атындағы Милан консерваториясының түлегі. Жиырма жылдан астам уақыт бойы Еуропа, Америка және Азияның әйгілі концерт залдарында өнер көрсетіп жүрген музыкант тыңдарманды терең интерпретациясымен, стильдік дәлдігімен және жоғары деңгейдегі виртуоздық шеберлігімен тәнті етіп келеді.

Амина Ахметжанова - Қазақстанның ең талантты жас скрипкашыларының бірі, Италия, Австрия, Германия, АҚШ, БАӘ және басқа да елдердегі халықаралық байқаулардың гран-при және бірінші дәрежелі жүлделерінің иегері. Ол беделді сахналарда, соның ішінде Вена филармониясында өнер көрсеткен және Еуропа, Америка мен Азия елдерінде гастроль сапарларда болған.

Бұл музыкалық кеште танымал классика мен нәзік орындаушылық интерпретация керемет үйлесім табады. Белгілі шығармалар оркестр мен солисттердің орындауында шырқалып, музыкалық форма мен интонацияның байлығын сезінуге мүмкіндік береді. Қапы қалмаңыз!

Поделиться в соц. сетях: