СИМФОНИЯ КЕШІ
Күні: 14.06.2025 Уақыты: 18:00 Зал: Үлкен зал
Қазақконцерт Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрінің қатысуымен халықаралық деңгейдегі шақырылған солистер өнер көрсететін ерекше музыкалық кешке шақырады.
Сахнада әйгілі испан музыканты, дирижёр, пианист әрі композитор Мануэль Тэвар және халықаралық байқаулардың лауреаты, пианист Макпал Кабден.
Мануэль Тэвар - Сан-Фернандо атындағы Корольдік бейнелеу өнері академиясының сыйлығының лауреаты, Нью-Йорктегі «Bradshaw & Buono» байқауының бас жүлдегері. Ол Еуропаның атақты оркестрлерімен өнер көрсетіп, Карнеги-холл, Рудольфинум, Вена концертхаусы, Берлин филармониясы, Мадридтегі Ұлттық аудитория және әлемге танымал сахналарда дирижерлік еткен. Кең ауқымды музыкалық білім мен тәжірибеге ие Тэвардың әрбір өнер көрсетуі - көркемдік талғам мен рухани еркіндіктің үйлесімді көрінісі.
Мақпал Қабден - қазақстандық фортепиано мектебінің жаңа буын өкілі. Париждің беделді музыка академияларында білім алған ол жеке шығармашылық пен ұстаздық қызметті табысты ұштастырып келеді. Оның концерттік қызметі Франция, Қытай, Қазақстан, Қырғызстан және өзге де елдерді қамтиды. Пианистің репертуары Мендельсон, Равель, Прокофьев сынды композиторлардың шығармаларын, сондай-ақ ХХ ғасырдың көрнекті туындыларын қамтиды. Мақпал Қабден Қазақстан мен шетелдің жетекші оркестрлерімен бір сахнада өнер көрсетіп, кәсіби сыншылар тарапынан жоғары бағаға ие болған.
Бағдарламада:
1-бөлім
М. Равель Concerto en sol majeur pour piano et orchestre
(Фортепиано мен оркестрге арналған №1 соль мажор концерті)
М. Равель Boléro (Балеро)
2-бөлім
Ф. Алонзо Preludio y aire de bolero: Curro el de Lora («Лоралық Курро» музыкалық қойылымынан прелюдия мен болеро)
М. де Фалья El sombrero de tres picos, Suites Nos. 1 y 2 («Үшбұрышты қалпақ» балетінен сюита)
Г. Хименез Las bodas de Luis Alonso (Луис Альонсоның үйлену тойы)
Ф. Алонзо Los Nardos (Тубероза)
Бұл концертте орындаушылық шеберлік пен терең эмоциялық әсер үйлесім тауып, дәстүр мен жаңашылдық, классикалық мұра мен заманауи көзқарас бір сахнада тоғысады.
Елорданың мәдени өміріндегі айтулы оқиғаны өткізіп алмаңыз!
Поделиться в соц. сетях:
Форма заявки
Өтінішіңізді жіберіңіз