X

«ҚАЗАҚКОНЦЕРТТЕ» СИМФОНИЯЛЫҚ МУЗЫКА КЕШІ

Күні: 27.10.2023 Уақыты: 19:00 Зал: «QAZAQSTAN» ОКЗ

Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрі елорда тұрғындары мен қонақтарын классикалық музыка концертіне шақырады.

Музыкалық кеш бағдарламасында әйгілі қазақстандық және шетелдік әртістер әлемдік классиканың шедеврлері, соның ішінде В.А. Моцарттың, Дж. Верди, П. Чайковский және К. Дебюссидің шығармаларын орындайды. Дирижерлік пульттің тізгінін бірден шақырылған үш маэстро Эрнест Хетцл (Австрия), Паоло Скибилия және Роберто Готтипаверо (Италия) ұстамақ. Белгілі австриялық флейташы Мариана Хетцлдің, сондай-ақ қазақстандық скрипкашы Дияр Қасенов пен арфашы Мағруфа Мұқажанованың орындауында түрлі елдердің көрнекті композиторларының танымал шығармалары шырқалады. Эрнест Хетцл жетекші еткен симфониялық оркестр мен арфашы Мағруфа Мұқажанова және флейташы Мариана Хетцл ұсынған К.Дебюссидің «Скрипка мен оркестрге арналған концерті» музыкалық кештің сәні болмақ. Классикалық музыканың «хиті» саналған шығармаларды жаңа қырынан ашып қана қоймай, көрерменге ұтымды ұсына алатын виртуозды солистер - беделді концерт залдарының құрметті қонақтары.

Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрі – Қазақстан Республикасының жетекші музыкалық ұжымдардың бірегейі. Оркестр құрамы асқан виртуоз шеберлер мен камералық музыкалаудың үздік әлемдік дәстүрлерін дамытып жүрген халықаралық байқаулардың лауреаттары, яғни жоғары кәсіби музыканттардан құралған. Дарынды 90 музыканттан тұратын оркестр әртүрлі дәуірлер мен стильдердің туындыларын және барокко, классикалық және заманауи музыка орындау өнерін жоғары дәрежеде меңгерген. Ұжым шығармашылығының маңызды бөлігі -  ұлттық музыка, халық әндері мен күйлерін оркестрлік өңдеу, сондай-ақ қазіргі қазақ композиторларының шығармаларын орындау. 

Оркестр 1991 жылы әлемге әйгілі скрипкашы, Қазақстан Республикасының Халық әртісі Айман Мұсахаджаеваның бастамасымен құрылды.

Оркестрдің бас дирижері - Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, ҚазҰӨУ профессоры Бақытжан Мұсахаджаева.

 

Поделиться в соц. сетях: