«EVENING OF CLASSICAL MUSIC» КЕШІ
Күні: 04.12.2023 Уақыты: 19:00 Зал: «QAZAQSTAN» ОКЗ
Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрі елорда тұрғындары мен қонақтарын «EVENING OF CLASSICAL MUSIC» атты концертіне шақырады.
Классикалық музыка кешінде скрипкашы Петр ФЕДОТОВ (Ресей) және дирижер Андреа АЛЬБЕРТИН (Италия) өнер көрсетеді.
Музыкалық кеш бағдарламасында әлемдік классиканың шедеврлері, оның ішінде Дж. Вердидің «Сила Судьбы» операсына увертюрасы, П.Чайковскийдің «Оркестрмен скрипкаға арналған №1 концерті» және «№4 Симфония» атты шығармалары орындалады. Классикалық музыканың танымал туындыларын жаңа қырынан ашып қана қоймай, көрерменге ұтымды ұсына алатын виртуоз солистер - беделді концерт залдарының құрметті қонақтары.
АНДРЕА АЛЬБЕРТИН орган және фортепиано сыныбы бойынша музыкалық білім алған. Джованни Фельтрин, Паоло Балларин, Вольфанго Далла Веккья және Пьеро Беллуджидің жетекшілігімен Ровиго, Падуя және Флоренция консерваторияларында композиция мен дирижерлықты оқыды.
Зубин Мета, Сейджи Озава, Риккардо Мути, Густав Кун, Джеймс Конлон, Даниэль Орен, Ренато Брусон және Джузеппе Джакомини сынды көрнекті өнер қайраткерлерімен шығармашылық ынтымақтастықта бірігіп жұмыс істеуде.
Андреа ірі халықаралық фестивальдер мен театрларда өнер көрсеткен атап айтсақ, Миландағы «Ла Скала», Неапольдегі «Маджо Музикале Фиорентино» және «Сан Карло» театрлары, Баридегі «Петруццелли» театры, Лас-Пальмастағы «Перес Гальдос» театры, Будапешт мемлекеттік операсы, Ровигодағы «Социале» театры, Равеннадағы «Алигьери» театры, Тирана Ұлттық театры, «Тироль Эрле» фестивалі.
Маэстро Италия, Чехия, Испания, Катар, Ирландия, Австрия, Лихтенштейн, Албания, Румыния, Франция, Ресей, Украина, Оңтүстік Корея және Қытай сияқты әртүрлі елдерде дирижер ретінде өнер көрсеткен.
ПЕТР ФЕДОТОВ - ресейлік скрипкашы, әйгілі музыкалық әулетте дүниеге келген. Э. Грач пен М. Федотов сынды профессорлардан білім алып, Орталық музыка мектебін және Мәскеу консерваториясын тәмамдаған.
Шығармашылық жетістіктері:
2017 – «Скрипка Севера» халықаралық скрипкашылар байқауының Гран-при;
2019-1-st International Violin Competition in Vietnam 3 дәрежелі лауреаты; 2021-Astana Violin халықаралық скрипкашылар байқауының 2 дәрежелі лауреаты;
2021-Красноярск қаласында өткен Виктор Третьяковтің 2-ші халықаралық скрипкашылар байқауының лауреаты (3-ші сыйлық, Красноярск өлкесі губернаторының сыйлығы және басқа да арнайы сыйлықтар).
Петр Sun Symphony Orchestra, Санкт-Петербург мемлекеттік симфониялық оркестрі, Мәскеу симфониялық оркестрі, Красноярск симфониялық оркестрі, Zagreb Chamber Orchestra, Н. Римский-Корсаков атындағы Орталық концерттік оркестрі және тағы басқа белді оркестрлермен бірге өнер көрсетті. Vietnam Connection Music Festival, Musica Maxima Zagreb; Мәскеу консерваториясы және басқа да халықаралық фестивальдерінің қатысушысы.
Еске салайық, Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрі – Қазақстан Республикасының жетекші музыкалық ұжымдардың бірегейі. Оркестр құрамы асқан виртуоз шеберлер мен камералық музыкалаудың үздік әлемдік дәстүрлерін дамытып жүрген халықаралық байқаулардың лауреаттары, яғни жоғары кәсіби музыканттардан құралған. Дарынды 90 музыканттан тұратын оркестр әртүрлі дәуірлер мен стильдердің туындыларын және барокко, классикалық және заманауи музыка орындау өнерін жоғары дәрежеде меңгерген. Ұжым шығармашылығының маңызды бөлігі - ұлттық музыка, халық әндері мен күйлерін оркестрлік өңдеу, сондай-ақ қазіргі қазақ композиторларының шығармаларын орындау.
Оркестр 1991 жылы әлемге әйгілі скрипкашы, Қазақстан Республикасының Халық әртісі Айман Мұсахаджаеваның бастамасымен құрылды.
Оркестрдің бас дирижері - Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, ҚазҰӨУ профессоры Бақытжан Мұсахаджаева
Поделиться в соц. сетях:
Форма заявки
Өтінішіңізді жіберіңіз