X

«ВЕЧЕР МУЗЫКАЛЬНЫХ КОНТРАСТОВ»

Күні: 14.04.2023 Уақыты: 19:00 Зал: QAZAQSTAN ОКЗ, Мәңгілік ел, 10/1

 «Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрі «Вечер музыкальных контрастов» атты классикалық музыка кешіне шақырады. Кеште танымал итальяндық музыканттар Марко Скьяво (пианино), Серджио Маркеджиани (пианино) және Джузеппе Нова (флейта) көрермендерді өз өнерлерімен қуантады. Оркестрге көрнекті неміс дирижері Гудни Эмильсон (Германия)  жетекшілік етеді. Ал оркестрдің көркемдік жетекшісі – көрнекті скрипкашы, Қазақстанның халық әртісі, «Қазақстанның Еңбек ері» Айман Мұсахаджаева, бас дирижері – ҚР еңбек сіңірген қайраткері Бақытжан Мұсаходжаева.
Концерттік бағдарламада әлемдік классикалық музыка жауһарлары орындалады: 
    1.    Л. ван Бетховен. Симфония №4 Си-бемоль мажор (B-dur), op. 60
2.    Ф. Пуленк. Екі фортепиано мен оркестрге арналған ре минор концерті. 
3.    Поул Дженин. Флейта мен оркестрге арналған «Травиата» фантазиясы, op.19 
4.    Вильгельм Попп. Флейта мен оркестрге арналған «Риголетто» фантазиясы, op.335.
Музыкалық кеште классикалық туындылар орындалып, корольдік аспап пернелерінің ерекше дыбыстық әуендерін итальяндық музыканттар Марко Скьяво мен Серджио Маркеджиани ұсынады. Олар АҚШ, Еуропа және Азияның ең беделді сахналарында өнер көрсетіп, дүние жүзінде көптеген шығармашылық концерттерін өткізді. Бұл итальяндық музыканттардың қазақ сахнасында өнер көрсетуі бірінші рет емес және елордалық көрермендерді қайталанбас музыкалық шығармашылықтарымен тағы да қуантуға дайын.
Әйгілі дирижер Гудни Эмильсонның жетекшілігімен көрермендерге үздік классикалық туындылар ерекше көңіл күй сыйламақ!
 

Поделиться в соц. сетях: