X

«ҚАЗАҚКОНЦЕРТ» сахнасында «Музыкалық альянс» кеші

Күні: 10.11.2023 Уақыты: 19:00 Зал: «QAZAQSTAN» ОКЗ

Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрі елорда тұрғындары мен қонақтарын «Музыкалық альянс» атты классикалық музыка кешіне шақырады.

Көрермендердің назарына белгілі қазақстандық және шетелдік әртістердің орындауындағы әлемдік классика жауһарлары ұсынылады. Музыкалық кешке жиналған қауым Вьетнамнан келген скрипкашылар Чонг Ву мен Зуй Буй Конг және американдық дирижер Кристофер Циммерманның жетекшілігімен Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрінің өнерін тамашалай алады. 

Виртуоз музыканттар Л.Бернстайнның «Кандид» опереттасының Увертюрасы, Данг Хонг Анның «Вьетнамские 4 сезона» атты екі скрипка мен оркестрге арналған концерттің қазақстандық премьерасы және П. Чайковскийдің «№5 Симфониясы» орындалады. Классикалық музыка жанрындағы кең таралған шығармаларды жаңа қырынан ашып қана қоймай, көрерменге ұтымды ұсына алатын виртуозды солистер - әлемнің беделді концерт залдарының құрметті қонақтары. Танымал музыканттардың орындауындағы шығармаларда еуропа мен азия музыкасының қанық бояуы айқын көрініс табады.

Кристофер Циммерман 2013 жылдан бері Фарго-Мурхед симфониялық оркестрінің музыкалық жетекшісі. Маэстро Циммерман сонымен қатар Фэрфакс (Вирджиния) симфониялық оркестрімен бірлескен қызмет атқарады. 2011 жылы Кристофер бүкіл Америка бойынша дирижерлердің өнер көрсетуі үшін берілетін жаңа марапат - Американдық дирижер сыйлығының лауреаты атанды. Оның Корольдік филармониялық оркестрімен жасаған дебюті Лондон симфониялық оркестрімен және Корольдік Ливерпуль филармониялық оркестрімен бірлескен жобалармен жалғасты. Содан бері ол бүкіл әлем бойынша бірқатар оркестрлерге жетекшілік етті, атап айтсақ, Прага симфониялық оркестрі, Словакия филармониялық оркестрі, Сеул филармониялық оркестрі, Мехико филармониялық оркестрі, Каракас филармониялық оркестрі, Рио-де-Жанейро ұлттық оркестрі және Шэньчжэнь симфониялық оркестрі сынды әлемнің оркестрлері. Маэстро Циммерманның мансабы студенттік оркестрлер мен жас дирижерлермен жұмыс істеу мен сабақ беруді қамтыды. 1993 жылы ол Цинциннатидегі музыкалық консерватория колледжінің дирижерлік бөліміне оқуға түсіп, 1999 жылы Харт мектебінде оркестрді зерттеу профессоры және Харт симфониялық оркестрінің музыкалық жетекшісі болып тағайындалды.

Циммерман мырза Йель университетін Музыка бакалавры дәрежесімен тәмамдап, Мичиган университетінде магистр дәрежесіне қол жеткізді. 

Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрі – Қазақстан Республикасының жетекші музыкалық ұжымдардың бірегейі. Оркестр құрамы асқан виртуоз шеберлер мен камералық музыкалаудың үздік әлемдік дәстүрлерін дамытып жүрген халықаралық байқаулардың лауреаттары, яғни жоғары кәсіби музыканттардан құралған. Дарынды 90 музыканттан тұратын оркестр әртүрлі дәуірлер мен стильдердің туындыларын және барокко, классикалық және заманауи музыка орындау өнерін жоғары дәрежеде меңгерген. Ұжым шығармашылығының маңызды бөлігі -  ұлттық музыка, халық әндері мен күйлерін оркестрлік өңдеу, сондай-ақ қазіргі қазақ композиторларының шығармаларын орындау. 

Оркестр 1991 жылы әлемге әйгілі скрипкашы, Қазақстан Республикасының Халық әртісі, Қазақстанның Еңбек Ері әрі оркестрдің көркемдік жетекшісі Айман Мұсахаджаеваның бастамасымен құрылды.

Оркестрдің бас дирижері - Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, ҚазҰӨУ профессоры Бақытжан Мұсаходжаева.

 

Поделиться в соц. сетях: