ФОРТЕПИАНО МУЗЫКАСЫНЫҢ КЕШІ
Күні: 24.01.2026 Уақыты: 19:00 Зал: Үлкен зал
Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрі виртуоз пианистер өнер көрсететін ерекше мәдени оқиға «Фортепиано музыкасының кешіне» шақырады.
Классикалық музыка кешінде әлемге әйгілі солистер өнер көрсетеді:
Владимир Овчинников Ресей және Башқұртстанның Халық әртісі, П.И. Чайковский атындағы және Лидстегі (Ұлыбритания) беделді халықаралық байқаулардың лауреаты. Оның шығармашылық жолы Лондондағы Корольдік филармония оркестрінен бастап, АҚШ, Еуропа мен Жапонияның үздік ұжымдарымен тығыз байланысты. Владимир Овчинников классикалық және романтикалық туындыларды терең түйсікпен жеткізетін шебер әрі мықты тәлімгер ретінде танымал.
Юрий Богданов Ресейдің еңбек сіңірген әртісі, Гнесиндер атындағы Ресей музыка академиясының профессоры. Оның орындаушылық өнеріне асқан еркіндік, айрықша темперамент және авторлық ойды дәл жеткізу тән. Әсіресе, И.С. Бах, Ф. Шуберт және А. Скрябин шығармаларын интерпретациялауда Ю. Богдановтың өзіндік қолтаңбасы қалыптасқан. Әлемнің ең таңдаулы сахналарында өнер көрсеткен пианист беделді халықаралық конкурстардың жеңімпазы және мәртебелі «Steinway Artist» атағының иегері.
Концерт бағдарламасы:
Д. Д. Шостакович №2 концерт
С. В. Рахманинов 23 және 32-опустардан таңдамалы прелюдиялар
А. Н. Скрябин 2, 8 және 42-опустардан таңдамалы этюдтер
Симфониялық оркестрдің шеберлігі мен пианистердің кәсібилігі бір сахнада тоғысатын нағыз саф өнер көрініс табатын кештен қапы қалмаңыз!
Поделиться в соц. сетях:
Форма заявки
Өтінішіңізді жіберіңіз