X

«ҚАЗАҚКОНЦЕРТ» «BRIDGE OF TIMES»МУЗЫКАЛЫҚ ЖОБАСЫН ҰСЫНАДЫ

Күні: 03.09.2023 Уақыты: 18:00 Зал: «QAZAQSTAN» ОКЗ

 

3 қыркүйек күні «TURAN» этно-фольклорлық ансамблі «GALA OPENING» жобасы аясында «Bridge of times» атты жаңа бірегей жобаны ұсынады. Кеш бағдарламасында фольклорлық және симфониялық үздік туындылар орындалады. Іс-шараға композитор, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Ақтоты Райымқұлова, белгілі опера әншісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Италия Жұлдызы» Орденінің кавалері Медет Чотабаев, опера әншісі, Арриго Бойто атындағы консерваторияның магистрі (Италия) Әйгерім Алтынбек, пианист, концертмейстер, «Мәдениет саласының үздігі» Дина Мирманова қатысады.

Айта кетейік,  «Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы 63-ші жаңа концерттік маусымының салтанатты ашылу рәсімін өткізуді жоспарға алды. «GALA OPENING» жобасы аясында танымал қазақстандық әртістердің қатысуымен Гала-концерт, «TURAN» этно-фольклорлық ансамблінің «Bridge of Times» бірегей жобасы өтеді. Ал 4-5 қыркүйек күндері «ДЖАЗ КЕШТЕРІ» фестивалі өтіп, бұл JAM-SESSION-да «Қазақконцерт» сахнасында үздік джаз топтары өнер көрсетеді. 

Іс-шара ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен өтеді.

 

Поделиться в соц. сетях: