X

«СЫР ӨҢІРІНІҢ ӘН-КҮЙ, ЖЫР МҰРАСЫ»

Күні: 07.12.2023 Уақыты: 19:30 Зал: «QAZAQSTAN» ОКЗ

Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы «Халық қазынасы» ұлттық өнер орталығының ұйымдастыруымен өтетін «Сыр өңірінің ән-күй, жыр мұрасы» атты музыкалық кешіне шақырады.

Музыкалық кеш қазақ халқының жеті негізгі музыка мектебінің бірі - Сыр музыка мектебіне арналған. Сыр елінің ән-күйі өзге өңірлердің ән салуы мен күй шертуіне ұқсамайтын өзіндік мәнері бар ерекше мектептердің бірі. Айрықша орындаушылық, әншілік өнерінен бөлек, Сыр бойындағы жыраулық өнердің тамыры тереңге жайылған. Жергілікті жыраулық дәстүр Арал-Қазалы өңірі, Қармақшы-Жалағаш өңірі, Шиелі-Жаңақорған өңірінің Нартай әншілік-жыршылық дәстүрі боп үш ірі мектепке бөлінеді. Өңірдің дәстүрлі өнерін барынша қамтуға бағытталған рухани кештің мақсаты Сыр өңірінің дәстүрлі әншілік және күйшілік, жыршы-жыраулық өнерінің дамуына атсалысу, бабалар мұрасын насихаттау, өскелең ұрпаққа жеткізу болып табылады.

Концертке «Халық қазынасы» ұлттық өнер бөлімінің өнерпаздары атап айтсақ, жыраулық дәстүрдің діңгегі қаланған Сыр өңірі сүлейлерінің сара жолын жалғастырушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Елмұра Жаңаберген бастаған Айгүл Елшібаева, Еділ Басықара, Раушан Оразбаева, Перизат Тұрарова, Әлихан Дүйсенбай, Күнсұлу Түрікпен, Нұркен Якияев, Ардақ Елеусіз, Аяулым Қамажан, Дарын Құдайберген және кеш қонақтары Алмас Алматов, Ұлжан Байбосынова, Бақытжан Дүйсенғазиев, Салтанат Ерсұлтан, Бекзатхан Әбдімәжитов, Ұлдана Нұртуған, Нұрайым Ерталап сынды өнер майталмандары қатысады.

Кеш жүргізушісі – Жасұлан Наурызбайұлы. 

Рухани кемелденіп, ерекше әсер сыйлайтын әдемі кештен қапы қалмаңыздар! Біз сіздерді күтеміз, құрметті көрермендер!

 

Поделиться в соц. сетях: