ПЕРИЗАТ ОМАРБЕКОВАНЫҢ «БИ - ПАДИША» АТТЫ ЖЕКЕ КОНЦЕРТІ
Күні: 14.05.2025 Уақыты: 19:00 Зал: Үлкен зал
ҚР Мәдениет қайраткері, «Шапағат» медалінің иегері, халықаралық байқаулардың жеңімпазы, Қазақконцерт солисі, атақты биші Перизат Омарбекова сахнадағы 25 жыл мерейтойы аясындағы «Би - падиша» атты жеке концертіне шақырады!
Перизат Омарбекова - қазақ және әлем халықтары билерінің орындаушысы, бекзат өнердің биігін бағындырған хас шебер. Франция, Венгрия, Чехия, Словакия, Германия, Польша, Испания, Жапония, Түркия, Швеция, Словения, секілді шетелдерде өнер көрсетіп, әлемнің үздік сахналарында ұлттық биіміздің мәртебесін асқақтатқан өнерпаз шәкірт тәрбиелеп, би өнерін жетілдіру жолында қажымай еңбек етіп жүрген ұлағатты ұстаз. Ол сондай-ақ, елімізде соло бидің ешкім жасамаған жаңа бағыты «танц-драманы» паш етіп, би тілінде тарихтан сыр шертетін билерді орындап, қазақ биін түрлендіріп жаңаша бағытта ұсынып жүр.
Концерт 2-бөлімнен тұрады:
- Қазақтың ұлттық фольклорлы билері
- Әлем халықтарының билері
Концерттік бағдарламада П. Омарбекованың орындауында Ш. Жиенқұлованың төл туындысы, халық биі «Айжан-қыз», сондай-ақ, «Алтынай», «Ұршық», «Айша бибі», «Жұмақтағы кездесу», «Томирис ханша» және т.б. билері орындалады.
Кештің басты ерекшелігі - «Ұршық» пен «Фәни құс» жаңа билерінің көрсетілімі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, қазақтың тұңғыш балеринасы әрі танымал биші Нұрсұлу Тапалованың испан биінде кастаньеттерімен қойылған фламенко стиліндегі «Жүрегімнің жалыны» атты жаңа испан биінің тұсаукесері.
Іс-шарада Қазақконцерттің шығармашылық ұжымдары мен солистері, атап айтқанда, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Сүлеймен Ибрагимов, Айзат Қарабек, республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаты Біржан Айтахмет, «Гүлдер» ансамблі өнер көрсетеді. Сондай-ақ, танымал ақын Маралтай Райымбекұлы өлең оқып, халықаралық байқаулардың лауреаты, әртіс Бағдәулет Оразбек Перизат Омарбековамен «Жұмақтағы кездесу» биінде дуэт билейді.
Би өнерінде дара қолтаңбасы бар сахна саңлағы, «қазақтың Алтынайы», «қазақтың Айседорасы» атанып кеткен Перизат Омарбекованың концертінен қапы қалмаңыз!
Поделиться в соц. сетях:
Форма заявки
Өтінішіңізді жіберіңіз