ШАҢЫРАҚ
Күні: 14.12.2025 Уақыты: 18:00 Зал: фойе
«Astana Musical» мемлекеттік театры «Шаңырақ» эксперименталды-музыкалық қойылымына шақырады.
Бұл - театр өнерінің жаңа қырын ашатын таңғажайып тәжірибе.
«Шаңырақ» перформансының ерекшелігі неде?
Қойылымның негізгі идеясы - бірліктің және үйлесімділіктің символына айналған киіз үйдің айналасында адамзат өмірінің мәңгілік циклдарын суреттейтін терең әрі әсерлі тарих бейнеленеді.
Ал көрерменді тек сырттан бақылаушы ғана емес, қойылымның белсенді қатысушысына айналдырады.
Уақыт пен кеңістік өзінің үйреншікті шекарасынан шығып, Күз, Қыс, Көктем және Жаз атаулы кейіпкерлер арқылы өмір, жүйе және маусымдардың ауысуы сынды мәңгілік тақырыптарды қаузайды.
Музыкалық және визуалды көрініс:
• Ариялар, үйлесімді дуэттер, трио және хор партиялары
• Қазақ фольклорының мотивтерін заманауи ритмдермен үйлестіретін ерекше музыкалық композициялар
• Ғажайып хореография мен сахналық безендіру арқылы мәңгілік әлемнің атмосферасына ену мүмкіндігі
Қоюшы режиссер - театрдың көркемдік жетекшісі Еслям Нұртазин, композитор - Болатбек Нұрқасымов, драматург және либретто авторы - Әннас Бағдат, режиссер-хореограф - Асель Абакаева.
Бұл перформанс көрермен мен сахнаның арасындағы шекараларды жойып, адам жанының шексіз кеңістігіне саяхат жасауға шақырады!
Кешке келіп, осы таңғажайып эмоцияларды сезінуге асығыңыздар!
Поделиться в соц. сетях:
Форма заявки
Өтінішіңізді жіберіңіз