САНДУҒАШ
Күні: 07.10.2025 Уақыты: 19:00 Зал: Камералық зал
«Сандуғаш» - қазақ мәдениетінде ежелден сұлулықтың, адалдықтың және сырлы үнімен ерекшеленетін тылсым күштің нышаны саналған. «Халық қазынасы» Ұлттық өнер орталығы ұйымдастыратын «Сандуғаш» концертінде дәл осы бейнелер көрініс табады. Концерт бағдарламасында халық әндері, эстрадалық композициялар мен әлемдік классиканың жауһарлары жаңаша сипатта орындалады.
Бір сахнада нәзік жанды танымал өнер шеберлері мен жас дарындар бас қосады: Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Айгүл Елшібаева, Ардақ Балажанова, Клара Төленбаева, Елмұра Жаңаберген, Айзат Қарабек, «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері Перизат Тұрарова, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаттары Күнсұлу Тұрікпен мен Аяулым Қамажан, республикалық және халықаралық байқаулардың жеңімпаздары Акерке Тәжібаева, Венера Табыc және Дария Бекпенбетова, сондай-ақ «Бірлік» ансамблі.
Әр орындаушының шеберлігі мен сезімталдығы музыканы ерекше сипатқа бөлейді. Олардың дауысы мен сахнадағы әсері таныс әуендерге жаңаша мазмұн мен терең эмоция береді.
Поделиться в соц. сетях:
Форма заявки
Өтінішіңізді жіберіңіз