X

С любовью к опере

Күні: 25.02.2026 Уақыты: 19:00 Зал: Үлкен зал

Қазақконцерт «С любовью к опере» атты музыкалық кеш ұcынады.

Кеш бағдарламасында Дж. Верди, А. Дворжак, П. Чайковский, С. Мұхамеджанов операларынан ария, дуэт және сахналық көріністер, сондай-ақ, т.б. композиторлардың романстары мен вокалдық миниатюралары орындалады. Іс-шара батысеуропалық, қазақ және орыс вокалдық классикасын кеңінен насихаттауға бағытталған.

Сахнаға Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Долорес Умбеталиева (рояль), Медет Чотабаев (тенор), «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаттары Расул Жармағамбетов (баритон) және Назым Сағынтай (сопрано) шығады.

Концерт ерекше форматта өтеді: көрермен залының мүлдем басқаша орналасуы, яғни қонақтарға сахна төрінен тікелей орын алуға мүмкіндік беріледі. Бұл әдіс әрбір орындаушының сезімдерін тереңірек түсінуге және өнердің сиқырлы сәттерімен бөлісуге мүмкіндік береді.

Музыка, көңіл күй мен шабыт үйлесім тапқан музыкалық кештің куәсі болу мүмкіндігін жіберіп алмаңыздар!

Поделиться в соц. сетях: