Махаббат симфониясы
Күні: 27.02.2026 Уақыты: 19:00 Зал: Үлкен зал
Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрі барша өнерсүйер қауымды мәдени іс-шараның қонағы болуға шақырады
Бағдарламада:
Дж.Верди. «Тағдыр күші» операсына увертюра.
Дж.Гершвин. «Көгілдір реңктегі рапсодия».
С. Прокофьев. «Ромео мен Джульетта» балетінен үзінділер.
Монтекки мен Капулетти (2 сюита).
Би. (2 сюита)
Маска.
Ромео мен Джульетта.
Антильдік қыздардың биі. (2 сюита).
Джульеттаның мазары алдындағы Ромео (2 сюита).
Тибальттың қазасы (1сюита).
Іс-шараның дирижері - ҚР Т. Әбдірашев атындағы Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрінің көркемдік жетекшісі әрі бас дирижері Қанат Омаров. Дарынды музыкант өз ұстазы Қазақстанның халық әртісі, танымал дирижер Төлепберген Әбдірашевтің шығармашылық жолын лайықты жалғастырып келеді. Сонымен қатар ол «Метрополитен-опера» театрының бас дирижері, маэстро Фабио Луизи жетекшілігімен кәсіби тағылымдамадан өтіп, дирижерлік өнердің барлық қыр-сырын меңгерді. Қанат Омаров «Carnegie Hall» (Нью-Йорк), «Kennedy Center» (Вашингтон), «Kitara Hall» (Саппоро), Мариин театры (Санкт-Петербург) және Мәскеу мемлекеттік консерваториясының Үлкен залы сынды әлемге әйгілі сахналарда өнер көрсетіп, қазақстандық дирижерлік мектептің беделін халықаралық деңгейде танытып жүр.
Музыкалық кештің солисі - Джузеппе Гуллотта (фортепиано, Италия). Ол Дж. Верди атындағы Милан консерваториясы мен Римдегі Әулие Цецилия академиясының түлегі. Беделді Бузони атындағы және көптеген халықаралық байқаулардың лауреаты. Орындаушылық диапазоны кең пианист «Carnegie Hall» мен «Salle Cortot» сахналарында классикалық туынды репертуардан бастап, эксперименттік кроссовер-жобаларға және әлемнің жетекші балет ұжымдарымен шығармашылық байланыс орнатқан. Гершвиннің «Көгілдір реңктегі рапсодия» атты музыкалық шығарманы орындауы Еуропадағы ірі музыкалық циклдер аясында сыншылар тарапынан жоғары бағасын алған.
Поделиться в соц. сетях:
Форма заявки
Өтінішіңізді жіберіңіз