QOBYZ SOUL - DASTUR concert
Күні: 28.01.2026 Уақыты: 19:00 Зал: Камералық зал
Қазақконцерттің белгілі солисі, танымал қобызшы Мақсат Медеубек «QOBYZ SOUL - DASTUR» концертіне шақырады.
Бұл концерт - ғасырлар тереңінен жеткен сырлы сарынға, қобыз үніне арналған рухани саяхат. Қобыз - тек қазақ халқының ғана емес, сондай-ақ қарақалпақ, өзбек, татар және қырғыз халықтарының мәдени мұрасында да ерекше орын алатын көне музыкалық аспап. Оның қоңыр үні мен жан тербетер мұңды үні түркі халықтарының ортақ тарихы мен тағдырынан сыр шертеді.
Кеш барысында көрермендер қобыздың бай тарихымен, оның шығу тегі мен көркемдік ерекшеліктерімен танысу мүмкіндігіне ие болады. Дәстүр мен жаңашылдықтың тоғысқан тұсында өтетін бұл концерт көне үн мен заманауи сахналық өнердің үйлесімін айшықтап, тыңдарманды терең рухани әсерге бөлейді.
Қобыздың қылынан төгілген әрбір саз - өткен мен бүгінді сабақтастырып тұрған рухани алтын көпір іспетті. Бұл кеш - ұлттық өнерге деген тағзымның, ата-баба мұрасына деген құрмет пен ізеттің көрінісі.
Поделиться в соц. сетях:
Форма заявки
Өтінішіңізді жіберіңіз