МЮЗИКЛ ӘЛЕМІНЕ САЯХАТ
Күні: 02.12.2025 Уақыты: 19:00 Зал: Үлкен зал
«ASTANA MUSICAL» мемлекеттік театры әйгілі мюзиклдерден тұратын «МЮЗИКЛ ӘЛЕМІНЕ САЯХАТ» атты театрландырылған бағдарлама ұсынады.
Кеш барысында көрермен танымал мюзиклдерден таңдалып алынған ең үздік көріністер, сахна шеберлерінің қатысуымен өтетін ерекше қойылымдар, әсерлі хореографиялар мен естен кетпес музыкалық тосынсыйларға куә болады. Атап айтқанда, «Достар серті», «Роза Бағланова», «Алдар көсе» және әлемге әйгілі «Moana», «Mamma Mia», «Moulin Rouge», «Romeo and Juliet», «Beauty and the Beast», «Notre Dame de Paris», «Aladdin», «Мemphis», «Season of love», «Waitress», «Hamilton» сынды мюзиклдердің ең әсерлі сәттерін тамашалай алады.
Жақында аншлагқа толы өткен қойылым көрермендердің сұрауы бойынша қайта сахнаға оралады. Барша әлемді бағындырған музыка мен керемет эмоцияларға толы мюзикл кешін өткізіп алмаңыз!
Поделиться в соц. сетях:
Форма заявки
Өтінішіңізді жіберіңіз