X

PAGANINI & BRUCH

Күні: 12.03.2026 Уақыты: 19:00 Зал: Үлкен зал

Қазақконцерт сіздерді Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрінің музыкалық кешіне шақырады.

Сахнада Никколо Паганинидің рухымен шабыттанған өнер туындылары көрерменді виртуоздық еркіндік пен құштарлық әлеміне жетелейді. Скрипка шебері ретінде ол аспаптың мүмкіндіктерін түбегейлі жаңартты, ал бұл кеште сіз дәл осы таңғажайып жаңашылдықты өз құлағыңызбен тыңдай аласыз.

Концерттік бағдарламада Еуропаның музыкалық академияларында жоғары бағаға ие болған италиялық скрипкашы Дэвиде Алоньяның виртуозды орындауы ерекше атмосфера сыйлайды. Әлемдік сахналарда танымал болған ол Итальяның ең үздік скрипкашыларының бірі. Сонымен қатар Наталия Гутман, Элисо Вирсаладзе, Бруно Канино, Джеффри Сван, Энрико Паче, Роберто Проседа секілді ұлы музыканттармен бірге бір сахнада өнер көрсетті. Маэстро Джулиано Карминьола оны «таңғажайып талант иесі» деп атап өтті, сондай-ақ ол, Сиенадағы Чигиана академиясының арнайы сыйлығымен марапатталды.

Сондай-ақ, іс-шараға танымал скрипкашы, халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты Сағадат Омарғазин қатысады. Оның орындаушылық шеберлігі мен ерекше ойнау мәнері әр көрерменді тәнті етеді. Сағадат Омарғазин еліміздің аспаптық өнерін дамытуға зор үлес қосып, ірі концерттік жобаларға қатысады және академиялық музыканы кең аудиторияға насихаттап жүр.

Маэстро Бахытжан Мусаходжаеваның дирижерлігімен шығармалардың интерпретациясы әрдайым музыка әуесқойларын терең әсерге бөлейді.

Концерттік бағдарламада классикалық туындылар орындалады:

Никколо Паганини

Венециялық карнавал

Макс Брух

3 бөлімнен тұратын концерт

 

«ПАГАНИНИАНА» концерті – бұл Еуропа әлеміне саяхат, романтикалық дәуірдің қуаты мен заманауи бағыттағы талантты скрипкашылардың шеберлікке толы бағдарламасын тыңдау мүмкіндігі! Дэвиде Алонья мен Сағадат Омарғазиннің орындауындағы әсерлі кешті жіберіп алмаңыздар!

Поделиться в соц. сетях: