Батыстан Шығысқа дейін
Күні: 09.12.2025 Уақыты: 19:00 Зал: Үлкен зал
Қазақконцерттің Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрі «Батыстан Шығысқа дейін» атты бағдарлама ұсынады.
Дирижёр - Хакан Шенсой (Түркия) Карнеги-холл, Музикферайн, Линкольн орталығы және Ла Скала театры сынды әлем сахналарында өнер көрсеткен алғашқы түрік музыканты атанды.
Солист - Диана Макажан (скрипка), халықаралық байқаулардың лауреаты, қазақстандық жас орындаушылар буынының жарқын өкілі, әсерлі үні мен терең музыкалық ойымен ерекшеленеді.
Концерт бағдарламасы:
Морис Равель «Вальс»
Дмитирий Шостакович Концерт для скрипки с оркестром №1
Морис Равель «Испанская рапсодия»
Ferıt Tüzün «Esintiler: III»
Бағдарламада Батыс пен Шығыстың екі көркем әлемі тоғысып, ерекше үндестік табады. Равельдің нәзік талғамы, Шостаковичтің драмалық қуаты және түрік композиторы Ферит Тюзюннің әсерлі музыкалары бірігіп, әуендік дәстүрлер мен эмоциялық реңктердің байлығын ашатын тұтас музыкалық кеңістік құрайды.
Поделиться в соц. сетях:
Форма заявки
Өтінішіңізді жіберіңіз